Kyzylorda-news.kz Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. 

Бүгін қармақшы аудандық кітапханада Қармақшы аудан әкімшілігінің қолдауымен 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Тіл және Рәміз – Тәуелсіздік жаршысы» атты мәдениет саласы қызметкерлері арасында интеллектуалды сайыс болып өтті. 

Сайыстың мақсаты – оқырмандарға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, оған деген сүйіспеншілігін арттыру, Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін кеңейту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді, танымдық ой-өрісін, қызығушылығын дамыту. Әрбір азаматты Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге бағытталды. 

Сайыстың шарты Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Тіл және Рәміз – Тәуелсіздік жаршысы» атты интеллектуалды сайысқа әр қатысушы жеке телефонымен «Google» интернет желісімен «КАХУД» бағдарламасы бойынша 20 тест сұрақтарына жауап беріп, соңында 30 секунд ішінде жылдамдық пен дұрыс жауап ескеріліп, бағдарлама жеңімпазды өзі анықтады. Сұрақтар мемлекеттік рәміздер және тіл туралы қойылды. 

Сайыс соңында кітапхана директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы қорытынды сөз сөйлеп, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Диплом, Алғыс хаттары және арнайы сыйлықтарымен қатысушыларды марапаттады.

Тағы да оқыңыз: