Kyzylorda-news.kz   Жуырда Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды «Әлеуметтік рухани қолдау» бойынша кездесу өтті.

Басқосуда аудан прокуроры Н.Шаймахан, аудандық пробация қызметінің бастығы, Әділет подполковнигі Е.Әбілдаев, аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Н.Балтабай, «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Рахат Қожанов, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров қатысты.

Іс-шара барысында есептегі тұлғаларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, оларға әлеуметтік көмек көрсету, қайтарымсыз гранттар рәсімдеу, жұмысқа орналастыру мәселесі кеңінен қаралды. Сонымен қатар қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында оның салдары туралы толық түсіндірулер жүргізілді.

Еркін форматта өткен кездесуде тұлғалардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасып, саладағы мәселелер жан жақты талқыланды.
Кездесуден кейін сала мамандарының қатысуымен кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмысқа орналастыру, заңгерлік кеңес беру бағытында жеке қабылдаулар өткізілді.

 

Тағы да оқыңыз: