Kyzylorda-news.kz Қазақтың қабырғалы қара орманының бүгінгі күйі қандай? Мәліметтерге сүйенсек, ұлан-ғайыр жеріміздің қазір тек 4 пайызын ғана орман алып жатыр. Оның өзінде ағаштар қаулап өспейді. Республика бойынша орман шаруашылықтары 28 млн гектарды алып жатса, оның тең жартысы дала. Басым бөлігінде сексеуіл өседі. Адамзаттың тіршілігі – табиғатпен тікелей байланысты. Жасыл желексіз айналаны елестету мүмкін емес.

«Лесхоз» десе орман шаруашылығының мекемесі екенін біледі жұрт. Бірақ олардың немен айналысатынынан бейхабар. Сол үшін табиғатпен тығыз қатынаста жұмыс істейтін орманшылардың еңбегін елемей кету болмас. Қармақшы ауданындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің қызметі қандай? Орманшылар не істейді?

“Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” КММ-не бүгінде Абай Бекберген басшылық етеді. Ауданға қарасты орман қоры жерлерінің жалпы көлемі  435 323 га жерді алып жатыр, оның 288 655 га орманды алқапты құрайды. Осы жерлерді қорғауға, сақтауға, күзетуге және молайту жұмыстарына мекемеде штат кестесі бойынша 67 қызметкер жұмыс жасайды. Олар ең алдымен – табиғатты қорғайды, содан соң орман қорын молайтады. Бүгінде мекеме тарапынан орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша жұмыстар  өз деңгейінде атқарылып келеді. 

Мекемеге қарасты 2 орманшылық болса, соның бірі – «Қорқыт ата» орманшылығы. Бүгінде орманшылыққа тәжірибелі маман, өз ісінің шебері Кәрім Өтегенов басшылық етеді.

Орманды жайқалту үшін ондаған, тіпті жүздеген жылдар кетеді. Адам денсаулығына нәр беретін жасыл өскіннің құндылығын осыдан-ақ біле беріңіз. Ал өрт орын алған жағдайда орман күзету мамандарының балаша күтіп-баптаған жасыл саясы күлге айналып, бір демде-ақ жоқ болып кетуі мүмкін. Оның беті аулақ дейік. Осындай жайсыз жағдайларды болдырмау үшін уақытпен санаспай қызмет қылып жүрген орманшылардың еңбегі шынымен де ерлікке пара-пар ма дерсіз?!

Қазір Кәрім Мақсұтбекұлы басқаратын орманшылықта 3 орман шебері мен 10 орманшы еңбек етеді. Шеберлер – орманшылардың атқарған жұмыстарын бақылап, қадағалап отырса, орманшылар қызметіне жасыл белдікті қорғау, күзету жұмыстары кіреді. Молықтыру ісі мен өрттен сақтау жұмыстары да осы сала қызметкерлері табандылықпен атқаратын шаруаға жатады.

Орманшылық басшысының айтуынша, жұмыс барысында түрлі науқандар болады. Сексеуілдің тұқымын жинайтын маусымдық жұмыстар да соның бір парасы. Орманшылардың жауапкершілігі жоғары. Олар өздеріне белгіленген орамдар бойынша күзету жұмыстарын жасайды.

– Осы уақытта өрттен қорғауға байланысты жұмыстар істеліп жатыр. Заңсыздыққа жол беруге болмайды. Соған орай кешенді жоспар құрылған. Заңсыз отын ағашын кесуге, шабуға жол бермеуде түсіндірме шаралары да қоса атқарылады. Күзде егін орағы аяқталған соң егістік жерлерін өртеу басталады. Сол кездерде өрт қашуы мүмкін. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арал ұлтанына сексеуіл отырғызу жүргізілді. Соны іске асыруда біздің жігіттер сексеуіл екті. Көктемде көшет отырғызылса, күзде тұқым себіледі. Соған мамандарымыз дайындық үстінде. Жақында солай қарай іссапармен жол жүреді. Орман шаруашылығы қызметкерлері үшін әрбір маусымның өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қыста қорғау жұмыстары жүргізіледі. Мекемеде мұзхана деген болады. Ол мұз ойып, тал сақтайтын орын. Аққырауда көлден мұз ойып, соның ішіне жинаймыз. Жылт етіп көктем келе тал кесіп, соның ішіне тастаймыз. Бір жағынан көктеп кетпесін десек, бір жағынан ағаш құрғап қалмауы тиіс. Сөйтіп жыл көлемінде осы шаруа лар қайталап айналып келіп отырады, – дейді орманшылық басшысы.

Әріптестері арасында орман шеберлері Ғани Есмаханов, Ерхан Қаражанов, Шыңғыс Мыңжасаровтар сыйлы-құрметті болса, орманшы қызметіндегі Қанат Каганұлы, Нұрболат Қосуақов, Ғабит Қайырбергенов, Сәбибек Бекмаханов, Айбол Ыбыраевтар еңбек үлгісін көрсетіп жүрген белсенді азаматтар. Ал Бекберген Айтжанов, Серік Қалмаханов, Қайрат Әбілдаев, Ерлан Құттаяқов, Ерлан Қуаңбаевтар өздеріне абыройдың биігін мақсат еткен жандар.

Мекемеде орманды молықтыру бойынша  жоспарға сәйкес көктемгі көшет қазу уақытында мекемеге қарасты 20гектар жерге орналасқан уақытша тұқымбағынан 3 747,0 мың дана, көшеттері қазылып,  Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 13 мың га жеріне  отырғызылды. 2023 жыл жоспар  бойынша 1 га жер ашылып оның ішінде: терек, сырталы  және    үйеңкі, қарағаш тұқымдары себіліп, яғни уақытша тұқымбақта 12 мың  дана көшет бар.

 Күз айында Қуаңдаруя және Иіркөл елді мекенінен 20 гектар жерге сексеуіл тұқымбағының жері жыртылып, арықталып, 1200 кг 1 санатты сексеуіл тұқымы себілді. Қазан айында орман қоры және орман қорынан тыс жерлерден 18850 кг сексеуіл тұқымы теріліп, қараша айында Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 13074 гектар жерге барлығы 47102 кг  галафитти өсімдік ( қарабарақ)  және сексеуіл ағашының тұқымы себіледі. Оның 37682 кг қарабарақ тұқымы,  9420кг сексеуіл ағашының тұқымын себу жұмыстары жүргізілді.

Ал орманды күзету және қорғау жұмысына келсек,  орман және аң аулау заңдылықтарының алдын алу оны болдырмау мақсатында 23 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 10 жағдай тіркеліп хаттамалар толтырылды.    Орман заңдылығының өзге де түрлерінің бұзылуы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 370 бабының 2 бөлігімен 5 жағдай және аң аулау заңдылығының бұзылуы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабының 1 бөлігімен 5 жағдай тіркелді.

Аудан көлемінде және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп жатқан сексеуіл ағашының заңсыз кесілуіне тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру бағытында мекеме орман күзеті қызметкерлері тарапынан арнайы мобильді 2 топ құрылып, күнделікті заң бұзушылықтардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында күзету, қорғау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар орман және дала өрттерінің алдын алу бағытында түрлі іс-шаралар жүргізіледі. Орман және дала өрттерінің алдын алу оны жою жұмыстары бойынша облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың 2023 жылдың 13 наурызында бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес өрт қауіпті кезеңде орман және дала өртін жою дайындығына қатысты 30.03.2023 жылы Қармақшы ауданы әкімінің өкімі шығарылды. Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен келісілген орман және дала өрттерін болдырмау мақсатындағы іс-қимылының жоспары жасалды. Өрт болған жағдайда орманды жерлерге жақын орналасқан елді мекендердегі жедел өрт сөндіру тобының жетекшілері бұйрықпен бекітіліп және шаруашылық басшылары тікелей басшылық жасайтындығы жөнінде ескертілді.

   Мемлекеттік орман қоры жерлеріне өртке қарсы минералды жолақтарды 75 километрге жаңадан, ескі жолақтарды жаңарту 225 километрге жүргізілді. Аудан көлеміндегі мекемелері, шаруа қожалықтары мен аудан тұрғындары арасында 192 рет әңгіме, лекциялар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 100 дана үнпарақтар және 15 дана ескерту хаттар таратылды. Баспасөз бетіне 1 рет мақала жарияланды.

– Орман және дала өрттерінің алдын алу оны жою мақсатында мекеме өрт сөндірушілері мен орманшыларды өртті сөндіру әдістерін үйретуге аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен 3 рет бірлескен өрт-тактикалық жаттығулары өткізілді. 2023 жыл мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман өрті оқиғасы тіркелген жоқ, – дейді мекеме басшысы Абай Бекберген.

2023 жылғы орман табысынан түсетін түсім 1675 мың теңге жоспарланса 12 айда орман табысынан түскен түсім 2144 мың теңге түсіп, жоспардан 28 пайызға артық орындалды. Атап айтсақ,  орманды жанама пайдалану үшін 34 жеке тұлғадан өтініш түсіп,уақытылы өтініш қанағаттандырылып,  9310 гектар жер беріліп 204700 теңге, Орман қорынан тыс жерлерден аудан тұрғындарына 472 гектар жерден жыңғыл  отыны босатылып, 1939300  тенге түсті.  Барлығы түскен түсім 2144000 теңге.

Биотехникалық жұмыстар бойынша 2023 жылға №006 «Жануарлар дүниесін қорғау» бағдарламасы  биотехникалық іс шаралар бойынша 1740 кг жем қаралып 2023 жылдың ақпан айында орман қоры жерінің аң құс мекендейтін алқаптарға, қосымша қоректендіру мақсатында 915 кг күріш қалдығы шашылып, қалған 915 кг күріш қалдығы желтоқсан айында шашылатын болады.

Аудандық  көлдер жүйесіне келсек,  Қармақшы ауданында орналасқан маңызы бар 23 су айдыны орналасқан. 19 су айдындары табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Облыс әкімінің орынбасары бекіткен 2023 жылдың 1 наурыз-31 мамыр аралығында балық шаруашылығы су айдындарына «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы жариялануына байланысты,   су айдындарының жағалауына «Таза су айдындары»  атты       23 рет іс-шара жұмыстары ұйымдастырылып су айдындарының жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: