Kyzylorda-news.kz. Кеше Жосалы кентінде тұрғын үй өртеніп, үй иесі қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
10 наурыз күні сағат 21:18-де Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде жеке тұрғын үйдің ауданы 15 шаршы метр болатын кіре-беріс бөлмесі толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер 1975 жылы туған тұрғын үй иесін сыртқа алып шығып, жедел жәрдем мамандарына тапсырған, алайда, азамат сағат 21:48-де қаза болды. Аталған өрт сағат 21:30-да оқшауланып, толық сөндірілді.
Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылыдырылды.
«Құрметті өңір тұрғындары! Күнделікті тұрмыста, тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі қағидасын қатаң сақтауды, электр, газ қондырғыларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды, балалар мен қарттарды қараусыз, жалғыз қалдырмауды, тұрғын үйде алкоголь өнімдерін пайдаланбауды сұраймыз. Өзіңізбен жақындарыңыздың өміріне немқұрайлы қарамауды өтінеміз», делінген хабарламада.
