Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өткен жылы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында жылдық жоспар-кесте жұмысына сай аудан көлеміндегі азық-түлік пен тағам түрлеріне сынама сатып алу жұмыстарын жүргізілді. Іс-шара негізінде аудандағы сауда үйлері мен азық-түлік дүкендеріне талдау жұмыстары жүрді.
Жоспарға сәйкес 36 нысан қаралуы тиіс болса, сынама сатып алу жұмыстары жүргізілген сауда орындарының саны 12-ні құрады. Сынама сатып алу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Биылғы жұмсалған қаржы 360000 теңге болса, алынған сынама саны – 176. Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеліп алынған сынамалардың 89,7% (158) тамақ өнімдері, 10,2% (18) тамақ емес өнімдердің үлесінде болды. Оның ішінде отандық өнімдер өнімдер саны – 55 , ЕАС – 104, өзге де елдерден алынған сынамалар саны – 14.
Сараптама жүргізуге іріктеліп алынған 176 сынамалардың түрлеріне жеке тоқталсақ. Атап айтқанда, 16-і ет өнімдері, 39-і сүт өнімдері, 20-сы кондитерлік өнімдер, 14-і құс өнімдері, 5-і балық , 11-і май өнімдері, 9-ы ауыз сулар, 6-ы ұн, жарма өнімдері, 2-еуі алькоголді сусындар, 7-еуі алькоголсіз сусындар, 2-еуі өзге де тамақ өнімдері, 2-еуі балалар ойыншығы, 2-еуі балалар мен жас өспірімдерге арналған жеңіл өнеркәсіп (киімдер) өнімдер, 9-ы тұрмыстық химия өнімдері, 2-еуі жеке гигиена заттары тағы басқа алынды.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұллтық сараптама орталығы» ШЩҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен жүргізілген зерттеулер қортындысы бойынша 176 сынаманың 6,2% (11сынама) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген. Өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға төмендеген (2021жылы барлығы 206 сынамадан 19 сәйкессіздік анықталған). Ағымдағы жылы ет өнім және ет өнімдері -16/7 (органелептика – 1, құрғақ қалдық – 1, мезофильді аэробты факультативті анаэробты микроорганизмдер саны – 2, ІТТБ-2 0,0001 г анықталған) және тағы да басқа құс және құс өнімдері – 14/1, май өнімдері – 11/1, балаларға арналған бұйымдардан киім 2/1, ойыншық 2/1 өнімдерінен таңбалануы бойынша мемлекеттік тілде мәлімет көрсетілмеген сәйкессіздіктері анықталып отыр. Санитариялық-эпидемиологялық сараптама қортындысымен техникалық регламенттеріне сәйкес келмеген 11 өнімнің 2,7% (3) отандық өнімді құраса, 2,8 (6,3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және өзге елдерден әкелген өнімдердің үлесінде. Анықталған кемшіліктерге сәйкес Кеден одағы техникалық регламент талаптарына сайкес келмеген өнімдер бойынша анықталған сауда орындарының жеке кәсіпкерлі субъектісіне басқарма тарапынан бұзушылықты жою туралы 6 ұйғарым берілді. Дүкен сөрелерінен зерттеу жұмыстарына сәйкес мынадай өнім түрлері алынды. Тауық еті – 1 дана 1820 грам , жалпы соммасы 1500 теңге, 6 – дана ет өнімдері жалпы салмағы 2400 грам, соммасы 3720 теңге, шырын өнімдері 1 дана, 1 литр 400 теңге, Астория шұжығы 1 дана. Шемішке май 72.5% 2 дана 800 грам, балалар бұйымы «PANDA», балаларға арналған бөтелке 1 дана 1800 теңгені құрады. Талаптарға сәйкес келмеген өнімдер кәсіпкерге ескертіліп дүкен сөрелерінен алынып тасталды.
Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығының №44 07.12.2022жылғы өзгерістер енгізілуіне байланысты Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерің, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын деп көрсетілгенімен 9) тармағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу қосылмайтыны айқын көрсетілген.
Басқарманың қазіргі міндеттерінің бірі ҚР-ның ішкі сауда нарығының айналымына келіп түсетін ,сатылатын , өндірілетін тамақ және тамақ емес халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылау жүргізу болып табылатындықтан аудан көлеміндегі сауда нарығына халыққа сапалы тағам және тамақ емес тұтынатын өнімдерді тасымалдау барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің және өзге елдерден әкелінетін тауарлардың мемлекеттік тілдерде таңбаларының болуына , тасымаладануы, сақталуына аса мән беру қажеттігін аудан көлеміндегі кәсіпкерлік субъектілеріннің кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру болып табылады
