Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде Қазақтың ұлттық мәдениетінде өзіндік елеулі әдеби мұра қалдырған жырау Молдахмет Дабыловтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Молдахмет - жырдың жорғасы" атты облыстық жас жыршы-термешілер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Жыр байқауын Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Дауылбекұлы Ержанов ашып сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушы өнерпаздардың өнерін сараптайтын қазылар алқасы Серік Орынбекұлы Жақсығұлов - жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгі иегері, Қазылар алқасының төрағасы, Қыдырбек Өмірбайұлы Саденов– жыршы, №109 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазылар алқасының мүшесі, Айгерім Бостанқызы Ешбаева - жырау, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің директоры қазылық жасап, нәтижесінде І орын қармақшылық Руслан Өтегеновке, ІІ орын қазалылық Айдас Тұрарға, ІІІ орын қызылордалық Гаухар Ахметқызына берілді. Қалған барлық қатысушылар арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Молдахмет жыраудың ұрпақтары Ғабит, Лиза апайлар арнайы қатысушыларға сый сияпаттарын жасап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Азаматтық, адамгершілік тұлғасымен халқының тарихында өшпейтін мұра қалдырған Молдахмет Дабылұлының есімі ұрпақтарымен мәңгі жасай беретіні ақиқат.
Қармақшы ауданында комиссия отырысы өтті
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес жиында «Балалар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын қалыптастырудағы жастар денсаулығы орталығының атқарған жұмыстары туралы», «Кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары туралы», «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және таралуын болдырмау бағытында ұйымдастырылған шаралар туралы» тиісті сала басшылары мен жауапты қызметкерлердің баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, жиында қаралған мәселелерге байланысты комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Комиссия төрағасы тиісті сала басшыларына кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының кеңейтілген отырысы өтті
Жақында Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен Қармақшы аудандық терроризмге қарсы комиссия аппаратының кеңейтілген отырысы өткізілді. Комиссия отырысына облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызмет бөлімінің басшысы А.Абишева, облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Қамзаев, облыстық терроизмге қарсы орталықтың қызметкері Ә.Салимов арнайы қатысты. Жиын барысында діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы Қармақшы аудандық ақпараттық- түсіндірмелік топ мүшелерінің жұмысын жетілдіру бағытында ұсыныстар талқыланып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгін – жедел жәрдем медицина қызметкерлерінің күні
Қармақшы аудандық орталық аурухана «Емхана жанындағы кезек күттірмейтін жедел жәрдем бөлімі» құрамында 1 бөлім меңгерушісі, 5 фельдшер, 5 шақыртуды қабылдау мейіргері, 5 санитарлық автокөлік жүргізушісі жұмыс жасайды. Бөлімнің жұмыс уақыты таңғы сағат 8:00-де кезекшілікті қабылдаумен басталып, кешкі кезекшілікті 17:00-де жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшерінің өзара кезекшілікті қабылдауымен жалғасады.
Бөлімшенің қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 225/2020 «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша жүргізіледі. Бөлімшеге түсетін шақыртулар жоғарыда көрсетілген бұйрық бойынша 4-жеделділік сағатындағы шақыртуларға барады. 4 (төртінші) жеделділік санатындағы шақырту дегеніміз – жедел немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде «Жедел медициналық көмек бөлімі» диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды қабылдап, жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына беріледі. Емхана жанындағы жедел жәрдем бөлімшесі электрокардиография, дефибриллятор, портативтный кислород, небулайзер аппатараттарымен қамтылған. Шақырту барысында науқасқа көмек көрсетуге арналған дәрілермен қамтылған.
