Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныс-тілектерін тыңдау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен кездесу өтті.

Біздің қоғам мінсіз емес. Қай қоғам болса да айтылар мәселелер, қозғалар ойлар да көп. Сол қоғам атты азаматтық институттың ажырамас бөлшегі – мүмкіндігі шектеулі жандар екені бәрімізге мәлім. Мемлекет те олардың қоғамнан тыс қалмауын жіті қадағалап келеді. Билік басындағылар да мүмкіндігі шектеулі жандар үшін еліміздің кедергісіз аймаққа айналуы басты назарда екенін алға тартады. Сол мүмкіндікті олар да тиімді пайдалануда. Қазір оқшау қалған мүгедек жоқ. Бірі – оқиды, енді бірі – кәсіппен шұғылданады. Тағы біреуі – жұмыс істейді. Дені сау адамдармен иін тіресіп қарекет етуде. Ал мәселесі басында, қоғамда орнын таппай, дал болып жүрген жандар ше? Олардың мәселесінің түйткілі тарқамай мінсіз қоғам да түзелмейтіні рас. Осы орайда Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, олардың пікірін, ұсынысын тыңдады.

Ерекше жандармен болған басқосуға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов, облыс бойынша еңбек және халықты әлеуметік қорғау департаменті басшысының орынбасары Т.Мырзахметова, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы С.Сиюов қатысты. 

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан тиісті сала басшыларына сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптары берілді. Сондай-ақ, сала мамандары ерекше жандардың ұсыныс-тілектері әрқашан басты назарда болатынын жеткізді.

 

Тағы да оқыңыз: