Kyzylorda-news.kz. Кеше Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі және аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен Жосалы кент орталығындағы білім ұйымдарының жоғары сынып оқушылары арасында алғашқы рет «Qadam» интеллектуалды сайыс болып өтті.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады.
Іс-шараға Қармақшы ауданының құрметті азаматы, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Жалғасбаева Дәмелі Қожахметқызы, аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған ата-аналар комитетінің төрағасы, ардагер ұстаз Алиев Мағауия Бердібекұлы және Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің директоры Еркебаева Гүлзира Мұратбекқызы қатысты.
Сайыстың қорытынды нәтижесінде оқушылар арасынан оқ бойы озық шыққан мектептің оқушысы Мирас Шахзадаев І орынды №30 қанжығасына байлады. Ал жүлделі ІІ орынға №250 мектеп-лицейінің оқушысы Ердәулет Орынбасаров жайғасты. Жүлделі ІІІ орынды №27 мектептің оқушысы Нұрсая Қанибаева иеленді. Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттар табысталды.
