Kyzylorda-news.kz Жақында Қармақшыда медицина саласының еңбек сіңірген дәрігері Марат Мырзағұловты еске алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиаданың ашылуы болды. Ашылу рәсімінде Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері медицина саласын дамытуда Марат Мырзағұловтың еңбегі зор екенін атап өтті.

– Арда азаматтың жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Алтын қолды дәрігер жылдар бойы «Жансақтау» бөлімшесіне жетекшіліп етіп, іргелі ұжымның жұмысына серпін берді. Мырзағұловтар әулетінің мақтанышына айналған ардақты жанның есімі нәтижелі істерімен ел жадында сақталады. Өйткені оның алдына көмек сұрап келген әрбір адам науқасқа деген ерекше мейірімін көрді, – деді Бақытжан Сағилатұлы.

Аудандық жарыстың ашылу салтанатына Қармақшы ауданының қоғамдық кеңесі төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, Қармақшы аудандық ауруханасы ардагерлер ұйымы төрағасы Қаржаубаев Алмас, Қармақшы аудандық ауруханасы бас дәрігері Нысанбаев Бақытжан және еңбегі сіңген ардагердің ұлы, облыстық аурухана травматолог дәрігері Мырзағұлов Айбек және бірқатар ардагерлер қатысып, естеліктерін айтты. Ардақты ардагердің ұлы Айбек Маратұлы спартакиада ұйымдастырушыларына алғысын білдіре отыра, қатысушыларға сайысқа сәттілік тіледі.

Медицина қызметкерлері арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 7 спорт түрі бойынша 150-ге жуық спортшыдан тұратын 6 команда бақ сынайтын болады. Яғни,

футбол, үстел теннисі, волейбол, ұзындыққа секіру, эстафета, тоғызқұмалақ, арқан тартыс секілді ойын түрлерімен өзара бақ сынасуда. 

Тағы да оқыңыз: