Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына қарасты Алдашбай ахун ауылында материалдық көмек көрсету жұмысы жүргізілді.
Ауылдық клуб үйінің жұмыс кестесіне сәйкес, Наурыз мерекесі қарсаңында мәдени-ісшаралар мен атқарылатын жұмыстарды іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азамат клуб үйінің белсенді үйірме мүшесі Қайрат Кәрібозовқа материалдық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда Қайрат эстрадалық ән айтып, қалың көпшіліктің алғысын алып жүр. Анасы Ырыстай ұйымдастырушыларға батасын беріп, үлкен алғысын білдірді.