maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жеке кәсіпкер кір сабын шығаруда. Ғанибек Серікұлының бұл іспен айналысып жатқанына көп бола қойған жоқ. 

Соған қарамастан ол ол бүгінде Ақай ауылдық округінде тың кәсіпкерлікті қолға алып, цех ашты.
Қазіргі таңда, шағын цехта бір күнде орта есеппен 100-150 данадан өнімдер шығарылып, Ақай ауылы мен Төретам кентіндегі сауда дүкендеріне сатылымға қойылып отыр.

Жеке кәсіпкер Ғанибек Серікұлының айтуынша, кір сабын тек кір жуу үшін ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де өзіндік пайдасы зор. Кәсіпкердің айтуынша, бұл өнімге деген сұраныс өте жоғары. Кір сабын табиғи және экологиялық таза өнім. Кір сабын өсімдік майлары мен қолдану кезінде оның тұтынушылық қасиеттерін жақсартатын жоғары сапалы арнайы қоспалардан дайындалады. Бұл әр үйде күнделікті қолданатын, тұрмыс-тіршілікке қажетті дүние болып табылады. Кір сабынның құрамы өте оңай. Шикізаттың барлығы қолжетімді. Табиғи таза өнімге тұтынушылардың сұранысы күн өткен сайын артып келеді. 

Болашақта жеке кәсіпкер өндірісті кеңейтіп, өнім қатарына оның ішінде кір сабынның ұнтақ түрін және иіс сабын мен түрлі сұйық сабын шығаруды жоспарлап отыр. Тиісінше, бірнеше адамды жұмыспен қамтымақ.

 

 

 

Тағы да оқыңыз: