Kyzylorda-news.kz Жуырда Қармақшы ауданының прокуроры Мейрамбек Махамбетжанов жасөспірімдердің адам құқығы туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру және әрбір азаматтың мемлекет алдында өз құқығы мен міндеттерін білу мақсатында №183 мектептің оқушыларымен құқықтық сағат өткізді.
Еркін әңгімелесу форматында өткен кездесуде аудан прокуроры оқушыларға құқықтық сауаттылық барысында түсіндірулер жүргізіп, жастардың отан сүйгіштік, армандаған мамандық иесі болып, елге қызмет ету, жаман әдеттерден аулақ болу тұрғысында жан-жақты әңгіме қозғады.
Сонымен қатар аудан прокуроры жастарға қазіргі қоғамдағы құқық бұзушылыққа бармау және оның құрбаны болудан сақтану шараларын да егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесу соңында оқушылар отбасындағы тәрбие, мамандық таңдау, қызмет атқару жолындағы қиын да, қызықты сәттер тұрғысындағы аудан прокурорына сауалдарын білдіріп, пікірлерін жеткізді.
Шара соңында аудан прокуроры түлектерге сәттілік тілеп, оқушылар аудан прокурорына өз алғыстарын жеткізді.
– Аудан прокуроры Мейрамбек Махамбетжанов мектеп жасөспірімдеріне адам құқығы жайлы маңызды ақпарат берді. Әрбір азамат өз құқығын міндетін білуі керек екендігі сонымен қатар қазіргі қоғамдағы құқық бұзушылыққа бармау керектігі жайлы тұшымды ақпарат берді, – дейді мектеп мұғалімі Айнұр Қайруллаева.
