Kyzylorda-news.kz Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді-мекендерде кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осыған орай бүгін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың қатысуымен ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Биыл аудан бойынша 3 елді мекен эпидемиологиялық тұрғыдан қолайсыз ауыл қатарына белгіленіп отыр. Осыған байланысты бұл аумақтарда тиісті шараларды күшейту, санитарлық тазалықты сақтау, аула мен мал қораларын ретке келтіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 22–28 сәуір аралығында бірінші кезең, екінші кезең 30 сәуір мен 6 мамыр күндері «Ципертрин» дәрмегімен жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: