Kyzylorda-news.kz  Тіл беделі – ел абыройы.  Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінін ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалы және Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімімен бірлескен дөңгелек үстел отырысы болып өтті. 

Жеке кәсіпкерлер арасында ұлттық рухты көтеру, ұлттық құндылықтарымызды (тіл, дін, тарих, мәдениет) насихаттау мақсатында өткен дөңгелек үстел отырысына аудандық мәдениет және тілдерді даму бөлімінің әдіскері Б.Қайырбаев, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Ә.Скендіров аудандық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева, қоғамның алқа мүшесі Шегебай Құндақбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының консультанты Жанар Болысбекқызы және жеке кәсіпкерлер М.Серікбаева, К.Әлекеева, Г.Буранбаевалар қатысты. Дөңгелек үстел барысында қазақ тілінің мәртебесін көтеру бойынша кәсіпкерлер арасында ұлттық рухты көтеруге байланысты ұлттық құндылықтарымыз төңірегінде пікір алмасты. Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабы Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі туралы түсіндірме жүргізілді. Кәсіпкерлерге «Кәсіпкер! Қазақ тілі- мемлекеттік тіл, маңдайшаға тек соны іл!» атты плакаттар мен тіл туралы парақшалар таратылды.

Тағы да оқыңыз: