Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде Кеңесбек Әбішовтің атындағы арнайы «Кадет» сыныбының ашылу салтанаты болды. Жиынға Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, аудандық полиция бөлімі басшысының басшысының уақытша міндетін атқарушы полиция майоры Мерей Өмірбекұлы, ауған соғысы ардагерлер қоғамының бірлестік төрағасы Асқар Ерманов және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев қатысты.

Оқушыларды зияткерлік, мәдени, физикалық, рухани даму, оларды қоғам өміріне бейімдеу, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді әскери және азаматтық мансапта Отанына қызмет етуге даярлау негізін құру мақсатындағы шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева жас полицейлерге Елбасымыз бен еліміздің үмітін ақтап, болашақта өз елінің патриоттары болып өседі және біздің жас кадеттеріміз өздерінің міндеттерін жетік біліп, әскери тәртіпке бойұсынып, отаншылдық рухта тәлім-тәрбие мен білім алып өседі деген сенім білдірді. 

Сонымен қатар, Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің директоры Бауыржан Дүйсенбаев пен аудандық полиция бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы полиция майоры Мерей Өмірбекұлы мен ынтымақтастық туралы меморандум бекіп, 20 бала кадет класына қабылданды.

Салтанатты шара барысында жас кадеттер ант қабылдады. Жиынға арнайы қатысушы қонақтар кадет сыныбын ашудағы мақсат – ең алдымен жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу болса, сонымен қатар, мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын таңдауға ықпал ететіндігін айтып, жылы лебіздерін білдіріп сәттілік тіледі. 
 

Тағы да оқыңыз: