Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, кәсіпорын басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде бойынша бірінші кезекте «2023 жылдың 6 айындағы ауданның әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және бюджет қаражатының игерілуі туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Марат Бекеновтің баяндамасы тыңдалды.

«Аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер толығымен орындалып отыр. Ауданның өнеркәсіп саласының кәсіпорындары қаңтар-маусым айында 2587,0 млн.теңге өнім өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,3 пайызды құрады (пайыздық көрсеткіштен аудандар арасында 3-орын). Ал өңдеу өнеркәсібі бойынша 2051,0 млн.теңгеге өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1 пайызды құрады(пайыздық көрсеткіштен аудандар арасында 2-орын).  Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2023 жылдың 1 шілдесіне 2899,5 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады (пайыздық көрсеткіштен аудандар арасында 2-орын). Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3992,0 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139,8 пайызды құрады. Сонымен қоса құрылыс жұмыстары 1590,0 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,3 пайызды құрады. Есепті кезеңде 11460 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8 пайызды құрады. Бөлшек сауда көлемі 4384,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 145,5 пайызды құрады(пайыздық көрсеткіштен аудандар арасында 2-орын), – деді аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бекенов. 

Жиын барысында сала мамандары талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша 2023 жылдың 7 айындағы меженің орындалуы өнеркәсіп өнімі, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімі, негізгі қорға салынған инвестиция, құрылыс жұмыстарының көлемі, пайдалануға берілген тұрғын үй, бөлшек сауда тауар айналымы 100,0 пайыздан жоғары орындалатынын көздеп отырғанын жеткізді. Алайда, 2023 жылдың 12 айындағы меженің орындалуы өнеркәсіп өнімі, өңдеу өнеркәсібі, негізгі қорға салынған инвестиция, пайдалануға берілген тұрғын үй, бөлшек сауда тауар айналымы 100,0 пайыздан жоғары орындалу көзделсе, ауыл шаруашылығы өнімімен құрылыс жұмыстарының көлемі төмен орындалу қаупі барын қаперге алды. 

Сондықтан жеті айдың қорытындысымен және жыл қорытындысымен көрсеткіштердің жоғары деңгейде орындалуы үшін тиісті бөлімдер өз тарапынан статистикалық есептілікті тапсыратын кәсіпорындармен жұмыстарды жалғастыруын қажет етеді. Сол себепті бөлім басшысы аудан әкімдігіне көрсеткіштердің орындалуын тиісті бөлімдерге тапсырма беруін сұрады. 

2023 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен қаржы игерілуі жайына келсек, аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2023 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 4674912,3 мың теңге орнына 4847883,2 мың теңгеге атқарылып, 103,7% құрады. Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 965779,5 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1115139,6 мың теңгені, яғни 115,5 % құрады, 149360,1 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті. Аудан бойынша 2023 жылдың 1 шілдесіне жалпы шығындар жоспары 4 749 288,6 мың теңге 4 661 995,1 мың теңгеге (98,2%) атқарылып, 87293,5 мың теңге игерілмеген. Осы игерілмеген қаржының 893,5 мың теңгесі үнемделуінен және 86400,0 мың теңге «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй сатып алу» бюджеттік бағдарламасынан 86400,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу веб порталында техникалық ақауға байланысты конкурс қорытындысы шықпауынан игерілмеді. 

Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты – 99,8%, аудандық мәслихат аппараты, аудандық қоғамдық даму бөлімі, Иіркөл, Жаңажол және Жосалы, Төретам кенті әкімі аппараттары – 99,9%, ал аудан әкімі аппараты, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және қаржы, ауылшаруашылығы мен жер қатынастары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және спорт бөлімдері мен Ақай, Жосалы, Дауылкөл, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Қуаңдария,Көмекбаев,Қармақшы, Алдашбай ахун ауылдық округ әкімі аппараттары 100% қаржыларын игерді.

«Шілде айына келер болсақ, аудан бюджетінің шілде айында 2 318 055,8 мың теңге игерілуі керек. Оның ішінде көп қаржы келесі бағдарлама әкімшілерінде қалыптасқан: аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 507607,2 мың теңге, аудандық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде 356957,4 мың теңге, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде 82933,5 мың теңге, ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде 282100,0 мың теңге және Жосалы кенті әкімінің аппаратында 228314,2 мың теңге.  Осы қаржылардың игерілуіне мониторинг жүргізу барысында шілде айындағы келесі трансферттердің игерілмеу қаупі бар. Оның ішінде, атап айтқанда, аудандық құрылыс және қала құрылысы бөлімінде «Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға» 50000,0 мың теңге; Жосалы кенті көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан мақсатты трансферттер арқылы бөлінген қаржыдан 16923,0 мың теңге. Сонымен қатар аудандық құрылыс және қала құрылысы бөлімінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына комуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алудан» мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық ақауына байланысты конкурс қорытындысы бүгінгі күнге аяқталмауына орай 86400,0 мың теңге игерілмеу қаупі бар, – деді Марат Бекенов. 

Сонымен қатар, бүгінгі күнге аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерге» бөлінген 51750,0 мың теңге қаржы игеру мәселесі толықтай шешілмеген. Осы 205073,0 мың теңге қаржы игерілмесе, көрсеткіш 96,7% құрау мүмкін.

2023 жылдың қорытындысымен қаржының болжамды игерілуі жайын пысықтасақ, аудан бойынша 2023 жылға жалпы шығындар жоспары 13 595 694,1 мың теңге болса, 2023 жылдың 1 шілдесіне игерілгені 4 661 995,1 мың теңге, 34,3 % құрап отыр. 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына 8 933 699,0 мың теңге игерілуге тиіс, оның ішінде: республикалық бюджеттен бөлінген трансфертер есебінен 1 284 625,0 мың теңге. Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялаудан 1000000,0 мың теңге; Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттерден – 284 625,0 мың теңге. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1 456 350,0 мың теңге. Қармақшы ауданының Төретам және Ақай елді мекеніндерінде тартылатын газ құбыры мен орам ішіндегі газ тарату желілерін салудан – 350 374,0 мың теңге; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алудан – 432 000,0 мың теңге; Қармақшы ауданының № 13 "Балбөбек" сәбилер бақшасы КМҚК қазандығының ғимаратын салудан – 35 622,0 мың теңге; Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тайшық би көшесі, №13 мекенжайы бойынша орналасқан Қармақшы аудандық ауруханасының Шипагер емханасы үшін БМК салудан – 48 217,0 мың теңге; Жосалы кенті және Дүр Оңғар ауылындағы көшелерді жарықтандыруға 202 922,0 мың теңге; ІІІ Интернационал ауылында спорт кешенінің құрылысы – 209 963,0 мың теңге; Жаңажол аулында спорт кешенінің құрылысы – 177 252,0 мың теңгені құрап отыр. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерден 1 302 132,0 мың теңге, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуден – 143616,0 мың теңге; "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асырудан – 468990,0 мың теңге; көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –177093,6 мың теңге; Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үйлер құрылысынан – 153964,5 мың теңге; Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысының ИКИ-нен 202497,2 мың теңге; Төретам және Ақай елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орам ішіндегі газ тарату желілерін салу» жобасын қоса қаржыландырудан – 84010,7 мың теңге; Жосалы кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жылу жүйесін сұйық отыннан газға ауыстыру жұмыстарынан – 41074,0 мың теңге; Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылындағы № 11 балабақшасы КМҚК бу қазандығы ғимаратының құрылысынан – 30886,0 мың теңге. Барлық аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен кент, ауылдық округ әкімдері осы қаржыларды жыл аяғына дейін игеру жұмыстарын атқарып және мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржыларды республикалық, облыстық бюджетке тиісті салалық басқармалармен кері қайтару бойынша жедел жұмыстарды жүргізу керек. 
Сонымен қатар, мәжіліс барысында кент, ауылдық округі тұрғындарының бақша егу жұмыстарының барысы пысықталып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алуға ниет білдірген азаматтарға жан-жақты қолдау мәселелері пысықталды. Мұнан кейін, мәжілістің күн тәртібінен тыс ауданды ауыз сумен және электр энергиясымен қамту барысы талқыланды.

Аудан басшысы соңғы 10 күн ішінде Жосалы кентінің кейбір көшелерінде мүлде су болмай, орталық көшелерінде судың қысымы төмендеп кеткенін және электр энергиясы жиі өшіп, күннің ыстығында өте қолайсыз жағдай тудырып отқандығын айтып, сала басшыларына қатаң сын ескертпелер жасады. Сонымен бірге жауапты мекеме басшыларына орын алған ақауларды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді және ауыз судың уақытылы берілуін қадағалауды міндеттеді.

Тағы да оқыңыз: