Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында еңбек анасы Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Бибігүл Әбішеваға «Жаңажол» ЖШС-нің демеушілігімен жаңадан салынған тұрғын үй кілтін табыстау салтанатты шарасы өткізілді.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов,облыстық мәслихат депутаты Шакизада Әбдікәрімов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов және «Жаңажол» ЖШС-нің директоры Орынбасар Төлепов қатысып, үздіксіз 40 жылдам астам уақыт ауданымыздың экономикасының өсуіне зор үлес қосқан механизатор апамыздың қазақ қоғамындағы ерекше болмысын сөз етіп, «Жаңажол» ЖШС-і атынан Бибігүл Әбішеваға жаңа үйдің кілтін тарту етті.

«Еңбек түбі – береке» деген осы болса керек. Бибігүл Әбішева өркениетті даму жолына түскен елдің бүкіл тыныс-тіршілігінің басы-қасында болып, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына үлес қосып келеді.

Уақытпен санаспай ерлермен иін теңестіре еңбек еткен жылдарында КПСС ХХV съезінің делегаты, Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаты, ІІ, ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені иегері атанып, бүгінде Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» атанып отыр.
 

3.jpg

Тағы да оқыңыз: