Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы – мемлекет үшін маңызды сала. Аудан еңбеккерлері бұл саланың көкжиегін кеңейтуде кенде қалмақ емес. Осыбір мезгілде диқаншылар жер жыртып, егін салуға асығады. Бүгінде олар алғашқы жұмыстарын бастап үлгерді. Жалпы аудандағы ауыл шаруашылығы саласы қандай жұмыстар атқарды, алдағы жоспары қандай болмақ? Бұл туралы Қармақшы аудандық ауыл шаруашылық бөлімі мамандарымен тілдескен едік.
«Иә, ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту саласы ғана емес, бұл – ұлттық дәстүрімізді, өмір сүру салтымыз бен мәдениетімізді сақтап қалудың бірден-бір көзі. Жалпы күріш – мелиоративтік дақыл. Ғылыми тілде егіс айналымы деген түсінік береді. Біздің жерде оған күріш және жоңышқаны пайдаланады. Оны шаруашылықтар өздері үшін сақтайды. Күріш танапқа үш жыл егілсе, одан кейін үш жылға жоңышқа алмасады. Күріш егілгеннен кейін жердің қорегі азаяды. Жоңышқаны органикалық тыңайтқыш ретінде өсіреді. Ол жердің құнарын көтереді. Бұл әдіс – Сыр өңіріне тән құбылыс. Егер жерімізде ауыспалы егіс тәртібі сақталмаса, ол жердің тұздануына әкеп соғады. Былтыр негізгі күріш дақылы бойынша, су тапшылығына байланысты өткен жылмен салыстырғанда 383 гектарға қысқарыпа 12773 гектар күріш орналастырылып, күтімге алынды», – деді бөлім басшысы Әсет Омаров.
2022 жылы жалпы көлемі 24326 гектар алаңға егіс орналастыру жоспарланды, оның ішінде күріш көлемі 12773 гектар (2021 жылы 13156 га), майлы дақылдар (мақсары) 1021 гектар (2021 жылы 1085 га), жаздық бидай 941 гектар (2021 жылы 1081 гектар), арпа 150 гектар (2021 жылы 150 гектар), жүгері 100 гектар (2021 жылы 80 га), күнбағыс 5 гектар (2021 жылы 10 га), құмай 50 гектар, мал азықтық дақылдар 7789 гектар (2021 жылы 7785 га), картоп, көкөніс, бақша дақылдары 1531 гектар (2021 жылы 1503 гектар). Күріш дақылының шығымдылығы бойынша 6510 га (51%) жақсы, 4470 га орта (35%), 1793 га қанағаттанарлық (14%) болып бағаланды.
2022 жылдың егісіне 3383 тн күріш, 192 тн бидай, 32 тн арпа, 30 тн жоңышқа, 32 тонна мақсары, 2,2 тн жүгері, 0,2 тн күнбағыс тұқымдары қажет болса, бүгінгі күні 4000 тн күріш, 192 тн бидай, 32 тн арпа, 110 тн жоңышқа, 50 тн мақсары, 2,2 тн жүгері, 0,2 тн күнбағыс тұқымдары пайдаланылды.
2022 жылғы егіске қолданылған минералдық тыңайтқыштардың көлемі 14,4 мың тоннаны құрады. Оның ішінде аммоний сульфаты 8,4 мың тонна, карбамид 3,2 мың тонна, аммофос 2,6 мың тонна, өзге түрлері 0,09 мың тонна. Гербицидтер бойынша 16,5 мың литрді қолданылды (солито – 3200 литр, рейнбоу – 8700 литр, өзге түрлері 4680 литр). Қазіргі таңда ерте егіліп, күтімге алынған 1021 гектар жаздық бидай, 941 гектар мақсары, 50 га құмай дақылы толықтай жиналып, 455,3 тонна бидай (орта өнім 4,45 ц/га), 556,2 тонна мақсары (орта өнім 5,9 ц/га), 50 тонна құмай (орта өнім 10 ц/га) өнім алынды. Ауданда әәртараптандыру бойынша жаңашылдыққа бет бұрып келеді. Мәселен, 2021 жылы Ақжар ауылында күнбағыс қолға алынды. Сол сияқты биыл қандай дақыл түріне де жыл өткен сайын маңыз береіп келеді.
– Жаңашылдық бар әрине. Былтыр ауданның тарихында егілмеген қант құмайы өсірілді. Жаңажол ауылдық округінде 50 гектар жерге сынама ретінде ектік. Бұл мал азығына жатады. Шығымы жақсы, жақында бір орымы алынды. Жалпы қант құмайы малдың оңалуына, тез семіруіне өте пайдалы. Ерте көктемде егіледі, суды да аз қажет етеді. Күзгі ылғалдылықпен де шыға береді, – дейді сала мамандары.
Мал азығын дайындау бойынша 3383 гектар жаңа жоңышқа 1 мәрте орылып, 3180 тонна шөп дайындалса (орта өнім 9,4 ц/га), 4406 гектар ескі жоңышқа 2 рет орылып, 17 745 тонна мал азығы дайындалды. Күзгі егін жинау науқаны өз деңгейінде жүргізіліп, толықтай орылып, бастырылды. Қамбаға 76,6 мың тонна сыр салысы құйылды. Орта өнім гектарына 60,0 центнерден айналды. Егін жинау жұмыстарына барлығы 2008 тонна дизель отыны бөлініп, 1780 тоннасы жеткізілді. Қажетті жанар-жағар май отындары арзандатылған бағамен (210 тг/л) уақытылы алынды. Күзгі дала жұмыстарына 152 трактор, 82 комбайн, 84 жатка, 62 автомашина, 94 трактор тіркемесі қатысты.
«Осы жылдағы дерекке сүйенсек, салалар бойынша мал басында өсім бар. Аудан халқы мал бағу жағынан жақсы кәсіпке бейімделіп келеді. Одан бөлек бір-екі ұсақ мал, яғни ірі-қарадан ұстау дәстүр есебінде болып отыр. Шаруашылықтар қанша қиыншылық көрсе де кәсіптері алға басып, ілгері келе жатыр. Мал шаруашылығын дамыту, өнімділігі мен сапасын арттыруға өкіметтен тиісті субсидия бар. 2021 жылы жем-шөп алуға субсидия берілді. Бұл енді сәл болса да көмек. Жем-шөп мәселесіне келсек былтыр Арал аймағында қуаңшылық орын алып, мал азығында көп қиыншылық болды. Қазірде ол жақта да, өзіміздің аймағымызда да мал азығынан мәселе туындап жатқан жоқ», – дейді бөлім басшысы Әсет Омаров.
Мал шаруашылығына келер болсақ, аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 34894 бас мүйізді ірі қара, 39891 бас қой, 25486 бас ешкі, 15294 бас жылқы, 4050 бас түйе, 20523 бас құс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы бойынша айтарлықтай өсім қалыптасты. Былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 107,7-ға, қой 107,9-ға, ешкі 106-ға, жылқы 119,1-ға, түйе 109-ға, үй құстары 102,4-ға көбейді.
Есепті кезеңде аудан бойынша барлығы 4306,5 тонна ет (тірі салмақта), 6541,4 тонна сүт және 955 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім тиісінше ет өндіру 104,6%, сүт өндіру 103,1%, жұмыртқа 105,1% құрады. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 18248,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100%-ға орындалды. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал басын көбейту барысында Қврмақшы ауылдық округінен «Момыш» шаруа қожалығы Қазалы ауданынан 2 бас «Ақбас» асыл тұқымды бұқа, Ақай ауылдық округінен «Береке» шаруа қожалығы «Олжа» шаруа қожалығынан 1 бас «Ақбас» асыл тұқымды бұқа сатып алды. Жылқы малын асылдандыру үшін «Емен-Даулет» шаруа қожалығы Ақтөбе облысы, Әйтеке Би ауданы, 11 бас «Мұғалжар» асыл тұқымды айғыр сатып алды.
Аудан бойынша ветеринариялық базаға малдардың тіркелуі 2022 жылға 01 маусымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру МІҚ-11200 бас, уақ мал 19800 бас, түйе-650 бас, жылқы-3000 бас, шошқа 50 басқа жоспарланған болатын. Қазіргі таңда МІҚ-6500 бас 58 % , уақ мал-12000 бас, 60,6 % , түйе-387 бас 64,5 % , жылқы- 2792 бас 93,0 %, шошқа 25 бас 50 % бірдейлендірілді. Осы бірдейлендірілген жануарлар толық дерекқор жүйесіне енгізілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге келер болсақ, 2022 жылы тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру және ауыстыру – 80 дана. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу және тіркеуден шығару – 81 дана.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды техникалық байқаудан өткізу – 16 дана; Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2022 жылы 75 маманға 22972,5 мың теңге көтерме жәрдемақы (1 маманға 306,3 мың теңге) және 50 маманға 229725,0 мың теңге тұрғын үйге (1 маманға 4594,5 мың теңге) жеңілдетілген несие алу үшін қаржы бөлінді. Оның ішінде көтерме жәрдемақы алған мамандар білім беру саласы – 38 маман, 11639,4 мың теңге; денсаулық сақтау саласы – 22 маман, 6738,6 мың теңге; спорт саласы – 9 маман, 2756,7 мың теңге; АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) – 5 маман, 1531,5 мың теңге; Мәдениет саласы – 1 маман, 306,3 мың теңге; Тұрғын үй алған мамандарға келсек, білім беру саласы – 28 маман, 128646,0 мың теңге; Денсаулық сақтау саласы – 13 маман, 59728,5 мың теңге; спорт саласы – 5 маман, 22972,5 мың теңге; АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) – 1 маман, 4594,5 мың теңге; мәдениет саласы – 3 маман, 13783,5 мың теңге; Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша Қазіргі таңда аудан көлеміндегі барлық сауда орындарында қажетті азық-түлік өнімдерінің тұрақты сатылуы және оның бағасының тұрақты болуы қадағаланады және күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі тиісті орындарға баяндалып отыр.
Нан бағасын тұрақтандыру бойынша «Өңірлік тұрақтандыру қорынан» ауданның ірі ұн операторы ЖК «Жаппасбаев Жомарт» 7,5 тонна бірінші сұрыпты «Дәстүр» маркалы, 68 тонна бірінші сұрыпты «Рояль» маркалы ұнын 7000 теңгеден наубайханаларға таратуда. Нәтижесінде кент орталығындағы дүкендерде нан бағасы 90-95 теңгеден сатылуда. Қармақшы – аграрлы аудан. Сол себепті жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрады. Айталық өткен жылы жы басынан бері 5 рет «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «Алтын Қамба Агро өнеркәсіп кешені» ЖШС-нің қатысуымен 3 рет және де аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен 2 рет, Қызылорда қаласында 4 рет, Астана қаласында 1 рет, Байқоңыр қаласында 3 рет, жалпы саны 18 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Алқаптан сөреге дейін» тізбегін дамыту бағытында жергілікті өнімдері делдалсыз, арзандатылған бағада халыққа сату үшін аудан орталығынан 10 павильон салу жоспарланды. Бұдан бөлек, Төретам кентінен (Қазиев Ә. жеке кәсіпкер «Әлия+» СҮ) 1 әлеуметтік бұрыш ашуға тұрақтандыру қорынан 20 млн. теңге зайым алып, өз жұмысын жасауда. Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында күнделікті бақылау жұмыстары мен осы аталған іс-шаралар бойынша жұмыстар жыл бойына жүргізілетін болады.