Kyzylorda-news.kz. Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы демалыстың ұйымдастырылуы және оқушылардың өмір қауіпсіздігі мәселесі мен ҰБТ-ге және «Алтын белгіге» үміткерлердің дайындық жұмыстарының жүргізілу барысы, сонымен қатар 2022 -2023 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттау, білім бөлімі жанында жұмыс жасайтын тамақтану сапасына бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың жұмысының қорытындысы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген жұмыстар, білім беру ұйымдарының әлеуметтік желіге жарияланған жұмыстарына талдау жүргізілу барысы, сондай-ақ күн тәртібінен бөлек сын көтермей тұрған мектептер мен балабақшалардың санитарлық тазалықтарының жай-күйі баяндалды. 

Кезекті алқа отырысына білім бөлімінің қызметкерлерімен мектеп директорлары және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Білім бөлімі басшысы Гүлзира Абдазиева күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, мектеп басшыларына оқушылар үшін жазғы демалыстың дұрыс ұйымдастырылуын және олардың басты кезекте өмір қауіпсіздігіне мән беру керектігін қатаң тапсырды.Сонымен қатар ҰБТ және «Алтын белгі» үміткерлерінің дайындық жұмыстарының көрсеткіштеріне тоқталып, мектеп бітірушілер үшін болатын алдағы сын сағатына сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар білім бөлімі жанында жұмыс жасайтын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қорытындылары нәтижесінде анықталған кемшіліктерге арнайы тоқталып, аты аталған мектептер аясында бақылауды күшейту тапсырылды.Мәжілісте хабарланған әлеуметтік желілер барысындағы жұмыстармен білім беру ұйымдарының санитарлық тазалық жұмыстарына қатысты өзіндік талдау жасап, ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығару арқылы тиісті білім беру ұйымының басшылары мен жауапты мамандарына тапсырмаларын жүктеді.

Тағы да оқыңыз: