Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Ал нарықтық экономиканың қарқын алған кезінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібіндегі тұрақты мәселелердің біріне айналғаны заңдылық.

Иә, еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі қымбатшылықтың белең алуы. Күнделікті тұтынатын азық-түліктер мен тұрмысқа қажетті заттардың, жанар-жағармайдың күн санап қымбаттауы халықтың қалтасына ауыр тиіп жатады. Сондықтан ауданда азық-түлік бағасын тұрақты бақылау үшін жұмысшы топ жұмыс жүргізіп келеді. 

Ауданға азық-түліктің басым бөлігін (ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, өсімдік майы, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат), тағы басқа өнімдерді кәсіпкерлер сыртан тасымалдап әкеліп сатуда.    Сол себепті бағаларда ауытқулар бар. Дегенмен азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлермен жеке сөйлесіліп, дүкендерде өнімдерге негізсіз баға өсірмеуі жөнінде айтылып, әкімшілік жауапкершілік қаралатындығы туралы ресми ескертпе хаттар берілуде. 

Бейсенбі күні ауданымыздағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия отырысының тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жасады.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға үстемесін негізсіз көтермеу, шекті бағадан асырған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша шаралар қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: