Kyzylorda-news.kz   Жалпы, нарық заманында, экономиканың қарқын алған дәуірінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібінде. Алайда халық күнделікті тұтынатын түрлі тағамдар мен көкөністер және өзге де өнімдердің бағасы кейде төмендеп, кейде күрт өсіп кетіп жатады. Сондықтан азық-түлік бағасының қолжетімсіздігі үнемі халық көтеретін үлкен мәселелердің біріне айналды. Азық-түлік қорын ұлғайту, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету – еліміздегі өзекті мәселенің бірі. Базардың бағамы қалтаның қаражатына қарамай тұрған шақта, әлеуметтік тауарлар әлеуеттің қажетіне жарап тұр. Қармақы ауданында баға тұрақтылығын сақтау үшін күн сайын мониторинг жүргізіліп, реттеу  жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. 

Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі жұмысшы тобы мүшелері аудан орталығындағы сауда орындары мен дүкендердегі баға мен қажетті қордың болуына талдау жүргізілді. Жұмыс барысында жұмысшы топ мүшелері Жосалы кентіндегі «Алтын Орда», «Жібек Жолы», «Ұлар», «Сұлтан», «Ырыстыжан» сауда үйлерін аралады. 

Сауда объектілерін аралау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына сауда үстемесін негізсіз көтермеу, сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша шаралар қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары апта сайын жүргізілетін болады.
 

Тағы да оқыңыз: