Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына қарасты №109 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында «Ата қоныс – алтын мекен» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Басты мақсаты – туған өлке тарихын зерттеу, «Жасыл өлке», «Еңбегі адал жас өрен», «Қалдық заттарды іске асыру», «Экотәрбие», «Экотуризм» жобаларын насихаттау.

Семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскері Айжан Тоқшылықова және аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтары, сынып жетекшілері қатысты. Іс-шараны Қармақшы аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы Гүлзира Абдазиева ашып берді. Мектеп директоры Бақытбек Алмаганбетов іс-шараның мақсаты, бағдарламасымен, «Жасыл мектеп», «Бір мектеп – бір жоба» жобалары аясында  атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Іс-шара барысында «Қолөнер» үйірмесінің жетекшiлерi О.Райымбеков, Ж.Жүнісов, «Театр», «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында қазақ тiлi пәнiнiң мұғалiмi Г.Алмағанбетова өзiнiң қолынан тоқылған қуыршақтар, киiмдер және қойдың жүнiнен жасалған жұмыстар көрмесiмен және «Қуыршақ» балалар театры мүшелерінің шағын қойылымымен таныстырды. Мектеп жылыжайының жұмыстарын мектеп директоры Бақытбек Алмаганбетов және «Жасыл желек» үйiрмесiнiң жетекшici Қаламқас Мерекова таныстырды.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстар көрсетілді. Одан соң «Атқа міну мәдениеті» тақырыбында ат әбзелдері, оның атаулары, пайдаланылуы туралы теория және практика жүзінде тәрбие сағатын 7-сынып жетекшiсі В.Шайхова, «Әкелер мектебінің» мүшесі, ата-ана Д.Әлиев, «Ауылдан шыққан асылдар» тақырыбындағы Ақтөбе ауылы топырағынан шыққан белгілі тұлғалар туралы танымдық сағатты тарих пәнiнiң мұғалiмi А.Жансейітова өткізді. «Ауылдағы асық ойынының маңызы» тақырыбымен бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық асық ату жарысының жеңімпаздары «Асық» үйірмесінің сыныптан тыс жұмысын денешынықтыру пәнiнiң мұғалiмi Б.Киікбаев, «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар – бала тәрбиесінің қайнар көзі» тақырыбында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сәйкес ата-аналармен тренинг сабақты 1 -сынып жетекшісі Ә.Талқанбаева, «Оқуға құштар мектеп», «Театр» жобаларын біріктіре, ата-аналар, мұғалімдер, оқушыларды қатыстыра отырып, ақиық ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды қойылымын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В.Сүйеубаева, «Асарлар сыр шертеді» тақырыбымен туған жеріміздегі тарихи-мәдени көне ескерткіштерді насихаттау, туристік бағытты дамыту мақсатында жас өлкетанушылар үйірмесінің жұмыстарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғауындағы тарихи ескерткіштердің бірі  «Моншақты Асар» төбесінде тарих пәнiнiң мұғалiмi А.Байтанатова ұйымдастырды. Қорытындысында білім бөлімі басшысы, семинарға қатысушылар тарапынан семинарға жоғары баға берді. Семинарда өз іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдер аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиеваның Алғыс хатымен марапатталды.

 

Тағы да оқыңыз: