Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда аудан тұрғындары үшін басты мәселе – жұмыс көзін табу, оның ішінде мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатқан қайтарымсыз грант арқылы кәсіпкерлікпен айналысу. Осы ретте, аудан бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның өңірімізде қалай іске асырылып жатқаны туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Орынбек Мұнарбаевпен жолығып, тілдескен болатынбыз.
Мемлекет басшысының Жолдауларында берілген нақты тапсырмаларға сәйкес көптеген іргелі істер атқаруда. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар арқылы азаматтарды, оның ішінде жастардың пайдалы іспен айналысуына қолдау көрсетілуде.
Бүгінде жұмыс іздейтін жандар көп. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жобалар әзірленіп, тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Аталған жобалардың басты мақсаты – қаржылық қиындыққа тап болған адамдарға қолдау көрсетіп, жұмыс ұсыну, жұмысқа орналас-тыру. Осы орайда аудандық жұмыспен қамту орталығының жай-күйімен танысып, біраз ақпаратқа көз жеткізіп қайтқан едік.
Мекеменің жұмысына тоқталар болсақ, 2023 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша аудан бойынша жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 1938, оның – 676 жас жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені – 1678 болса, жастардың саны – 549. Наурыз айының 31-ші жұлдызында тіркелген жұмыссыздар – 1990, үлесі 8,4 пайыз. 84 азамат жұмысқа орналастырылып, оның ішінде жастары – 41 адам.
Ал 2022 жылдың аудан бойынша жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны 3468-ды құраса, оның ішінде – 1305 жас жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені – 2466 болса, жастардың саны – 739. Өткен жылда аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 502 адам, жастар саны 245. Тіркелген жұмыссыздар үлесі 2,1 пайыз. 1018 азамат жұмысқа орналастырылып, оның ішінде жастары – 222 адам.
«Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі. Былтыр осы орайда ауданның жұмыссыз тұрғындары мен жастары арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқулар ұйымдастырылып, оған мерзімді кәсіптік оқуға 30 адамды оқытуға облыстық бюджеттен 6 988 000 мың теңге қаралды. 4 жұмыс берушіден 30-адамға өтінім берген. Атап айтқанда, ЖК «Омарова» аспазшы мамандығы бойынша – 10 адам, ЖШС «Әмбебап» тігінші мамандығы бойынша – 5 адам, ЖК «Оспанова Р» тігінші мамандығы бойынша – 5 адам, ЖК «Усенов Қ» тас қалаушы мамандығы бойынша – 10 адам. Өтінімге сәйкес үш мамандық бойынша Қармақшы аграрлы – техникалық колледжіне жұмыссыз 30 адам жолданып, 30 адам оқуын аяқтады. Оның ішінде жастардың саны – 5. 21 адам тұрақты жұмысқа орналасты», – дейді бөлім басшысы.
«Бастау – Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына 2022 жылы онлайн негізінде 727 – адам оқуға тіркеліп, оның 687 адам оқуды аяқтаған. Жаңа бизнес -идеяларды іске асыруға республикалық бюджеттен 400 АЕК бойынша 180 адамға 220 536 000 теңге, Ұлттық қордан 190 адамға, 232 763 000 теңге қайтарымсыз грант қаралған. Оның ішінде жастарға республикалық бюджеттен – 59 адамға 72 287 000 теңге, Ұлттық қордан 99 адамға, 121 295 000 теңге қаралған. Барлығы 370 адамға 453 299 000 теңге қаралды. Жыл бойы барлығы 370 – адам қайтарымсыз грант алды.
І лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 9 – адам өтініш берді. 29-жасқа дейін 2 адам, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар – 7 адам. Комиссия отырысы қорытындысы бойынша барлығы 7 – адам (8 576 400 теңге) бизнес жобаларын қорғап, оң шешімін тапты, оның ішінде жастары 1– адам.
ІІ лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 177 – адам өтініш берді. Комиссия отырысы қорытындысы бойынша барлығы 120 – адам (147 024 000 теңге) бизнес жобаларын қорғап, оң шешімін тапты, оның ішінде жастары 52 – адам, Атаулы әлеуметтік көмек 4 – адам, Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 18 – адам, Көп балалы отбасы мүшелері 38 – адам, Мүмкіндігі шектеулі балаға қараушылар 6 – адам, Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар 2 – адам.
ІІІ лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 160 – адам өтініш берді. Комиссия отырысы қорытындысы бойынша барлығы 103 – адам (126 195 600 теңге) бизнес жобаларын қорғап, оң шешімін тапты, оның ішінде жастары 52 – адам, Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 1 – адам, Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 8 – адам, Көп балалы отбасы мүшелері 32 – адам, Мүмкіндігі шектеулі балаға қараушылар 7 – адам, Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар 1 – адам.
ІV лекке қайтарымсыз грант алуға онлайн түрде 281 – адам өтініш берді. Комиссия отырысы қорытындысы бойынша барлығы 140 – адам (171 528 000теңге) бизнес жобаларын қорғап, оң шешімін тапты, оның ішінде жастары 53 – адам, Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 6 – адам, Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 17 – адам, Көп балалы отбасы мүшелері 48 – адам, Мүмкіндігі шектеулі балаға қараушылар 13 – адам, Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар 3 – адам.
Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 34 адамға 10 558 000 теңге, жергілікті бюджеттен 3 249 000 теңге, облыстық бюджеттен 2021 жылдан 2022 жылға 2392000 теңге жалғастырушыларға төленді. Ұлттық қордан 44 – адамға, 47 952 000 теңге (Барлығы 78 адам 64 151 000 теңге). Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан барлығы – 125 адам (барлығы жастар), 56 мекемеге жолданып, 21 адам аяқтап, 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 2023 жылға 104 адам жалғастырады.«Алғашқы жұмыс орны» жобасына – облыстық бюджеттен 2 адамға 326 000 теңге, Ұлттық қордан 3 – адамға 2 297 000 теңге, барлығы 2 623 000 теңге қаралған. Жоспарға сәйкес жолданған адам саны – 6 адам (барлығы жастар). (ЖК «Скакова», Иіркөл шаруа қожалығы, Рабиға шаруа қожалығы, №9 Достық балабақшасы, Аудандық жыраулар үйі). 1 адам аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылды. 2023 жылға 5 адам жалғастырады.
Қоғамдық жұмысқа республикалық бюджеттен 10 206 000 теңге, жергілікті бюджеттен 130 адамға 43 528 000 теңге , Ұлттық қордан 337 адамға 273 816 000 теңге (Барлығы 467 адамға 328 350 000 теңге). Қоғамдық жұмысқа барлығы 745 адам жолданды, оның ішінде жастары 135 – адам, тұрақты жұмыспен қамтылғаны 427 адам. Республикалық бюджеттен – 216 адам 62 мекемеге жолданып, 216 адам аяқтап оның ішінде 107 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, жергілікті бюджеттен – 319 адам, 30 мекемеге жолданып, 319 адам аяқтап, оның ішінде 227 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, Ұлттық қордан – 210 адам, 67 – мекемеге жолданып, 210 адам аяқтап, 93 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 20 адамға 4 894 000 теңге қаралды.11 кәсіпкерлік субьектіге барлығы – 20 адам жолданып, толық аяқтап,тұрақты жұмыспен қамтылғаны 9 адам.«Күміс жас» жобасына – Ұлттық қордан 1 адамға 110 000 теңге қаралған. Жоспарға сәйкес жолданған адам саны – 1 адам. (Дәуіт шаруа қожалығы )
«Онлайн – оқу курстары» (skills.enbek.kz платформасы) жоспар 62 адам, 14 – кәсіп түрі бойынша барлығы 98 адам оқытылды, жастары – 20 адам орындалуы 158,1 пайыз. Кәсіп атауларына келсек, бройлер тауығын өсіру, жылыжайларда қызанақ пен бұрыш өсіру, микрожасылдарды өсіру технологиясы, мал бордақылау, сүтті мал шаруашылығы, А-дан Я-ға дейін құлпынай өсіру, жылыжайларда лимон өсіру, қояндарды өсіру, жабық сумен жабдықтау жүйесі арқылы балық өсіру, ірі қара малды бордақылау, сабын жасау, қатпарлы қамыр дайындау технологиясы, үйректер мен қаздарды өсіру.
Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 22 адамды оқытуға жергілікті бюджеттен 9 789 000 мың теңге қаралды. Ал «Бастау – Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсына 2023 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша онлайн негізінде 244 – адам оқуға тіркеліп, оның 241 адам оқуды аяқтап, 3 адам оқуды жалғастыруда. Жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға республикалық бюджеттен 400 АЕК бойынша 144 адамға 198 720 000 теңге қаралды. 198 адам өтініш білдірген. Грант алған – 36 адам. Қаржысы 49 680 000 теңге.
Жастар тәжірибесіне жергілікті бюджеттен 191 адамға 237 222 000 теңге қаралды. 2023 жылдың 31 – ші наурызда барлығы – 20 адам (барлығы жастар), 14 мекемеге жолданып, 2022 жылдан 2023 жылға 104 адам жалғастыруда, 21 адам аяқтап, 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты.«Алғашқы жұмыс орны» жобасына – жергілікті бюджеттен 64 адамға 72 657 000 теңге қаралған. Қаралған қаржыға 1 мекемеге 1 адам жолданды. 2022 жылдан 2023 жылға 5 адам жалғастыруда.Қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 857 адамға 694 604 000 теңге қаралды. Қоғамдық жұмысқа барлығы 717 адам жолданды, оның ішінде жастары 108 – адам. Жергілікті бюджеттен – 717 адам 131 мекемеге, оның ішінде 49 жеке ұйымға жолданды. 4 адам жұмысты аяқтап, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджеттен 46 адамға 38 088 000 теңге қаралды. Жоспарға сәйкес 15 адам 9 мекемеге жолданды.«Күміс жас» жобасына – жергілікті бюджеттен 26 адамға 22 604 000 теңге қаралған. Жоспарға сәйкес 22 адам 9 мекемеге жолданды«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – жергілікті бюджеттен 3 адамға 1 863 000 теңге қаралды.«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орны» жобасына – жергілікті бюджеттен 1 адамға 652 000 теңге қаралды.«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жұмыс орны» жобасына – жергілікті бюджеттен 1 адамға 1 035 000 теңге қаралды.«Кәсіби біліктілік ваучерлері» жобасына – жергілікті бюджеттен 4 адамға 207 000 теңге қаралды «Онлайн – оқу курстары» (skills.enbek.kz платформасы) жоспар 108 адам, 6 – кәсіп түрі бойынша барлығы 123 адам оқытылды. Пайыз үлесі 114.
