Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы орталығының күнделікті тыныс-тіршілігін бес саусағындай біліп, келеңсіз жағдайлар орын алса дереу іске кірісетін коммуналдық саланың қашанда арқалайтын жауапкершілік жүгі ауыр. Тұрмысқа қажетті күрмеулі мәселелерді уақытылы шешіп, сапалы қызметпен қамтамасыз етіп отырған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қандай жұмыстар атқарды, биылға қандай жоспары бар? Ауданда аталмыш сала бойынша нендей жобалар жүзеге асырылуда? Осы жайында сұрап білген едік.

Иә, коммуналдық бағыт – салғырттықты көтермейтін сала. Халықтың көңілінен шығып, сапалы қызмет көрсету – бөлімге жүктелген басты міндет. Оны мамандар жақсы түсінеді.Биыл облыстық бюджеттен аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент- Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 503,0 млн теңге қаржы бөлінген.  Жалпы жоба құны 1445,0 млн теңге. Қазіргі таңда, мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен келісімшарт рәсімделуде. Сонымен қатар, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 42797,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда. Осы жұмыстармен бірге, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің арасындағы автомобиль жолы (5,25 км) аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесіне алынып, жобалық-сметалық құжатама әзірлеу және оны сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.   

2023 жылы «Ауыл Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында  18 жоба бойынша (21 көше) көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 574,0 млн.теңге (облыстық бюджет 504,007 млн.теңге, аудандық бюджет 69,9 млн.теңге) бөлініп, жөндеу жұмыстары басталуда.Облыстық бюджет есебінен Қуаңдария ауылдық округінің Ерімбет және Бейбітшілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге  32244,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемемен жұмыстары басталуы күтілуде.

Көлік мәслесі шешімін тауып келеді

Қармақшы ауданы аумағында 12 елді мекенді және екі кентті аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 14 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның 11-і ауданаралық (қалааралық) маршрут, 3-і ауданішілік маршруты. Барлық маршруттарда түрлі сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетуде. Қармақшы ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар 2 маршрут ұйымдастырылған.

Жарық мәселесі өзекті

Аудан бойынша электр жарығын пайдаланып отырған жалпы 12114 абонент бар, оның ішінде 10946 жеке тұлға, 1168 заңды тұлға. Қазіргі таңда, аудан тұрғындарына Қармақшы аудандық электр тарату торабы, Теміржол электр тарату торабы және «Төретам электр тарату торабы» мекемелері қызмет көрсетіп келеді. Жалпы аудан бойынша 931,23 шақырым электр желісі тартылған. Оның ішінде:  307,12 км – 35 кВ әуелік электр желісі;  231,7 км – 10 кВ әуелік электр желісі;  370,88 км – 0,4 кВ әуелік электр желісі; 12 дана – 35/10 кВ қосалқы станса;  2 дана – 10 кВ тарату қондырғысы;  104 дана – 10/0,4 кВ қосалқы станса бар.

«Қармақшы ауданы аумағындағы электр желілері 1970 жылдан бері салынып, тозығы жеткен электр желілері әсерінен аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз электрмен қамтуға мүмкін болмай отыр. Бірінші кезекте атқарылуы тиіс Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Ақтөбе және Иіркөл елді-мекендерінің электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту мақсатында демеушілер есебінен 17,0 млн.теңгеге жоба әзірленді. Қазіргі таңда, 2023 жылға қаржы көздерін қарастыру үшін әзірленген жобаны облыстық құрылыс, қала құрылысы және сәулет басқармасына ұсынылды. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржы көлемі –  827,7 млн.теңге. Сонымен қатар, электр желілерін жаңғыртуды қажет ететін қосымша 6 ауылдық округтерде жоба әзірлеу жоспарлануда. Оның ішінде, Алдашбай ахун, Ақжар, ІІІ Интернационал және Қармақшы ауылдық округтердің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзіреу және оны сараптамадан өткізуге аудандық бюджет есебінен 20,0 млн теңге қаралған. Ал, Дауылкөл мен ДүрОңғар ауылдық округтері демеушілік есебінен қаржы көздерін қарастырып, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда», – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов.

Аудан халқы ауыз сумен толық қамтылған

Қармақшы ауданы бойынша ауыз су құбырының ұзындығы – 472,9 шақырым, абонент саны – 9741. Қармақшы ауданында ауыз сумен қамтамасыз етілетін 22 елді мекен орналасқан, оның 18-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Атап айтқанда: Қалған 4 елді мекен, атап айтқанда, 2 елді мекен тұрғындары (Ордазы; Сарытоғай барлығы 9 адам) шахталық құдық арқылы ауыз су пайдаланады және қажеттілігіне қарай ПЧ-60 мекемесінің тапсырысы негізінде «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-гі тасымал арқылы жеткізіп отыр. Ордазы, Сарытоғай станцияларында барлығы 20 куб су сақтайтын құдық орналасқан,  қалған 2 елді мекен тұрғындары ауыз суды (20 тұрғын үй - 96 адам) оқшау скважина арқылы тұтынуда. Ауыз судың сапасы тиісті сараптама орталықтары арқылы мамандермен тексеріліп отырады. Қармақшы ауданы бойынша барлығы 19 ұңғыма және 11 су көтеру насостары жұмыс жасайды. Жалпы аудан халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.

Жылудың жұмысы жүйелі

Аудан бойынша 121 әлеуметтік нысандар орналасқан. (66 – қатты отынмен, 42 – сұйық отынмен, 13 – табиғи газбен жылытылады) 2023 жылға қажетті отын қорын жасақтауға облыстық, аудандық бюджеттен барлығы 725,2 млн.теңге қаржы қаралса, оның ішінде: сұйық отынға 640,3 млн.теңге, қатты отынға 49,6 млн.теңге, табиғи газге 35,2 млн.теңге қаралған. Ал, 2023 жылға қатты отын бойынша 49,6 млн.теңге (2000 тонна) бөлініп, биржа арқылы сатып алу нәтижесімен жеңімпаз мекеме болып Жеке кәсіпкер «Қалиев» тасымалдаушы болып танылды. 2022 жылы аудан бойынша 2 әлеуметтік нысанның, яғни Жосалы кентіндегі №30 орта мектептің және Қармақшы аудандық ауруханасының жылу қазандықтары табиғи газге қосылды.
2023 жылға аудандық дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің жылу қазандығын табиғи газге қосу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 52,0 млн.теңге қаржы бөлініп отыр.  

Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде «Шипагер» емханасы үшін БМК салу  жұмыстарын жүргізу, «Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының №13 «Балбөбек» сәбилер бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қазандығының ғимаратын салу» және Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылындағы №18 «Қуаныш» бөбектер бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қазандық ғимаратын салу жоспарланып отыр.Жосалы кентінің мектептерін табиғи газге қосу мақсатында №27 орта мектебін және № 121 орта мектептерінің жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Тұрғын үй кезегі бойынша

Қазіргі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй кезегінде 6 (алты) санат бойынша 713 адам кезекте тұр. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылар жоқ. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 75. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар –323. Көпбалалы отбасы  – 183. Мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын азаматтар – 132. Авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жоқ.

Тіршілікке көрік берген – көгілдір отын

Жосалы кентінде жобадан тыс қалған үйлерді газ желісіне қосу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Қармақшы ауданы, Жосалы кентін газдандыру барысында газдандырылмай қалған Индустриялдық аймақ, «Бойни» және кент орталығындағы 200 тұрғын үйге газ жүргізу үшін 10490,775 мың теңгеге,  «Тәуелсіздік ықшам ауданы» бойынша 11 көшеге 53 шқ газ желісін жүргізу үшін 14000,046 мың теңгеге жобалау іздестіру жұмыстары есептемесі әзірленіп бюджеттен қаржы қарастыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Онымен қоса ,бүгінгі күнге дейін Жосалы кентіндегі  4360 тұрғын үйдің 3202-і табиғи газге қосылды.  Ал әлеуметтік нысандар бойынша 10 нысанға, кәсіпкерлік нысандар бойынша 142 нысанға газ қосылды.2022 жылға Төретам кентіне  және Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу жұмыстарына ҚР Ұлттық  қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен 1, 5 млрд. теңге және аудандық бюджеттен 200,0  мың теңге қаржы бөлінді.  Оның ішінде, Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында 800, 1 млн. теңге. 2023  жылға  568,9 млн.теңге бөлініп отыр (РБ 513, 4 млн.теңге және ОБ 55, 5 млн.теңге). Жоба аяқталғаннан кейін 1820 абонент газ желісімен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.Ақай елді мекеніне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу мақсатында тиісті бюджеттен 700,1 млн.теңге 2022 жылға бөлінген.  2023  жылға  189,1 млн.теңге бөлініп отыр (РБ 144, 7 млн.теңге және ОБ 44, 4 млн.теңге). Жоба аяқталғаннан кейін 1066 абонент газ желісімен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 2023-2024 жылдары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ДүрОңғар ауылына ауылға дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысы жобасын жүзеге асыруға 7 172 000,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобаның сараптамадан өткен күні – 31.08.2022 жыл  №19-0324/22.

Аяқ судың жұмысы қарқынды

Аудан көлемін  аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында қосымша су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп,  тиісті жұмыстар атқарылуда:Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Шығыс және Мырзағалиев көшелерінің қиылысынан №16-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Қазақ хандығының 550-жылдық аллеясындағы  №17-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Нұртай және Ораз ахун көшелерінің қиылысынан №15-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі Байсейітова көшесінен №22-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі №269 орта мектебі жанынан №23-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы  Ақай ауылдық округінің Астана көшесінен №1-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Сегізов және Ізтілеуов көшелерінің қиылысынан №18-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Қармақшы ауылдық округінің Қызылтам елдімекенінің Сарыжылуан көшесінен№9-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы  Жосалы ауылдық округінің Байшораұлы көшесінен №20-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы Балжарма каналы маңындағы Мүсірбаев көшесінен №3-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау, Қармақшы ауданы Иіркөл ауылдық округіндегі Р.Доспанов көшесінен №8-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аудан аймағының тазалығын ұйымдастыру және үйлес¬тіру – бөлім жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Осы тұста аймақ тазалығы мен ондағы түйткілді мәселелерге тек арнайы мекемелер жауапты деу қате түсінік. Себебі, ортақ іске әрбір тұрғын, әрбір азамат мүдделі болуға тиіс. Дегенмен сала мамандары да қарап отырған жоқ. Кент көшелеріне бей-берекет қоқыстарды тастап кететін тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақ¬сатында арнайы рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

– Міне, өзіңіз көріп отырғандай, бөлімнің жұмысы халықпен тығыз байланыста. Бөлім функциясының қай бағытын алсаңыз да халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған. Оң нәтиже, өнімді еңбек қашанда бірліктің, жұмыла көтерген тірліктің арқасында келетін дүние. Сондықтан атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындар тарапынан қолдау білдіріліп, тіпті қажеттілік туындай қалса, «сенің жұмысың, менің жұмысым» деп бөлінбей, түсіністікпен қарап, бірлесіп еңбек етуге шақырамын. Бағамдай білген жанға ауданда өткен жылдарға қарағанда көш ілгерілеу бар, – дейді сала мамандары.

Тағы да оқыңыз: