Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек өзінің іс-қимыл бағдарламасы аясында жуырда аудан тұрғындары алдындағы кезекті есеп беру жиынын Ақай ауылында бастады.
Саябақта еркін форматта өткізілген кездесуді ауыл әкімі Эльмира Қазиева ашып, жыл басынан бері елді мекенде атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы уақытта істелетін жоспарларды пысықтады. Содан соң аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы өңірдің бүгінгі тіршілігі, оның ішінде тұрғындар әлеуетін арттыруда атқарылып жатқан ілкімді істерге тоқталды. Атап айтар болсақ, осы жылы Жосалы кентінде заман талабын сай денешынықтыру және сауықтыру кешенінің ел игілігіне пайдалануға берілгенін, алдағы оқу маусымында жаңа білім беру мекемесінің ашылатынын, жақын арада Ақтөбе ауылында құс фабрикасының іске қосылатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, үш ауылға дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда екенін, жақын арада тағы үш елді мекенде жаңа су айдау стансасы жұмысын бастайтынын айтты. Осы ретте, әкім биылғы жылы Ақай ауылы тұрғындарының заман талабына сай салынған жаңа спорт кешенінің, жылу маусымына қарсы көгілдір отын игілігін көретін күн де жақын екенін жеткізді. Ауыл ішінен ұңғыма қазылып, ол да тұрғындарға пайдалануға беріледі. Бірнеше көшеге асфальт төселіп, 2 көшеге жарықтандыру жүргізілетінін, балалар үшін спорт және ойын алаңдарының, көркейту-көгалдандыру мәселесі де шешусіз қалмайтынын сөз етті.
Осындай жағымды жаңалықты естіген ақайлықтар аудан басшысына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Кездесуде ауыл тұрғындары Жақсылық Қыпшақбайұлы, Әнуарбек Дәуленбаев, Санаш Әбдіжапбаров, Қазбек Күншығаровтар ауыл көшелеріне аяқ су келтіру, өндірістік аймаққа электр желісін тарту, аяқ сумен, жем-шөппен қамтамасыз ету, Төретам кенті мен ауылды байланыстырып тұрған Бармина көшесіне күрделі жөндеу жүргізу сияқты ауыл тұрғындары тарапынан түскен түйткілді мәселелер бойынша аудан әкімі тұшымды жауабын берді.
Одан әрі аудан басшысы Төретам кентінде тұрғындармен есепті кездесуін өткізді. Жиында өңір әлеуетін арттыруға бағытталған іргелі істерді баяндай келе, кент бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айта келіп, биыл жүзеге асырылатын жоспарлармен таныстырды. Жандос Еркінбекұлының айтуынша осы жылы Төретам кентінде аудан бойынша ірі жобаның бірі – көгілдір отынмен қамтамасыз ету болса, бұл жоба алдағы жылу беру маусымында жүзеге асырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше көшеге жөндеу, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі деді. Кентті көркейту, абаттандыруда тұрғындардың шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету бірінші кезектегі іс екенін тілге тиек етті.
Есепті кездесуде кент тұрғыны Райкүл Дәулетәлиева кенттің екінші бөлігінде балаларға арналған ойын және спорт алаңы жоқ екенін және осы мәселе бойынша қолдау көрсетуін сұраса, Әділбек Өтебаев көшелерді жарықтандыру, полиция қызметінің сапасын арттыру, кент орталығындағы спорт алаңдарының тазалығы жайлы мәселеге зейін қойылса деген ұсынысын жеткізді. Еңбек ардагері Әмидулла Нағыметов тазалық, ауыз су, сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігін сақтауда теміржол өткелін салу туралы сауалдарын қойды. Бердібек Әбжапбаров кентте интернет желісінің нашарлығын, ветеринар маманы қызметінің сапасын артыруды тілге тиек етті. Кент тұрғыны Алмагүл Қаракөзова кенттегі 5 қабатты тұрғын үйге назар аударылса десе, ардагер ұстаз Сәуле Серікбаева, кент тұрғыны Әділбек Нұрадинов әкімнің есебіне жоғары бағасын беріп, ел мүддесі үшін істеп жатқан қызметіне алғысын айтты.
Аудан басшысы Жандос Еркінбектің елді мекендер тұрғындарымен өткізген есепті кездесуі Қармақшы ауылында жалғасты.
Кездесуде өңір басшысы аудан бойынша атқарылып жатқан ілкімді істерді баяндады. Оның ішінде, аудан экономикасын нығайту, тұрғындардың әлеуетін арттыруға арналған іргелі жобаларды саралады. Атап айтқанда, ауыл бойынша биыл бірнеше көшеге жөндеу жүргізу жоспарланғанын, аудан әкімдігінің қолдауымен аяқ су мәселесі де өз шешімін тапқанын, тарихи маңызы зор Диірменді жөндеуге жұмысына қаржы бөлінгенінатап өтті. Сонымен қатар, Қызылтам елді мекеніне кіреберіс жолға жөндеу жұмысы жүргізілетінін жеткізді. Жиында еңбек ардагерлері Мұхтар Таңбаев ауылдық клуб пен амбулатория, теміржолдан мал өткелін салу, Қанибай Айтымбетов «Қожантай» тоспасына жөндеу жүргізу, «Жалағаш-Жосалы» автожолы бойының су шайып кеткен жерін жөндеу туралы сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптарын алды.
Бірлік ауылындағы бірлескен жиын
Көпұлттың өкілдері шоғырланған ІІІ Интернационал ауылында өткен есеп беру жиынында аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы ауыл тұрғындарына өңірде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды зерделеп, алдағы жоспарларын таныстырды. Ол ауданда есепті кезеңде бірнеше әлеуметтік нысан ел игілігіне пайдалануға берілгенін, жақын арада тағы да бірнеше нысан тұрғындарға есігін айқара ашатынын айтты. Және бірнеше ауылда дәрігерлік амбулатория, аяқ су мәселесін шешуде ұңғымалар қазылатынын, заманауи құрылғылармен қамтылған спорт кешендері де қызметін бастайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ІІІ Интернационал ауылында да тұрғындар сұранысымен жүзеге асырылған жобаларды тізбектеді. Атап айтсақ, Астана көшесіне асфальт төселгенін, сондай-ақ тағы бірнеше көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын, жуық арада денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталатынын, ал алдағы жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңадан мектеп салынатынын сөз етті.
Аманкелді Сұлтановтың, Сайлау Мұхтаровтың және басқа да тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, олардың барлығының да заң аясында шешімін табатынына сендірді.Есеп беру жиыны аясында аудан басшысы жастармен кездесіп, түрлі тақырыпта келелі әңгіме өрбітті. Жаңажол ауылдық округінде еркін форматта өткізген аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының есеп беру жиынына еңбек ардагерлері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, ауылдың белсенді жастары қатысты.
өңір басшысы елдің бүгінгі тыныс-тіршілігінен мәлімет берді. Оның ішінде, Дүр Оңғар ауылы тұрғындары әлеуетін арттыруға арналған іргелі істерге тоқталды. Аймағымызда ауылшаруашылығы саласы бойынша көш басында жүрген білікті сала маманы, облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов басқаратын «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдық округтің дамуына қосқан үлесіне жоғары баға беріп, ауыл орталығынан заман талабына сай денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы бой көтеретінін, дәрігерлік амбулатория салынатынын, бірнеше көшеге жарықтандыру жұмысы жүргізілетінін, ауылды аяқ сумен қамтамасыз етуде ұңғыма қазылатынын жеткізіп, тұрғындарды бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге, оның ішінде Бегалы Пірташевтың жаңадан балабақша салу, Тұрар Омаровтың, Бақытбек Тәуекеловтің ауылдық округ тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету, кіреберіс жолды жөндеу және басқа да көптің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.Одан бөлек, аудан әкімі ауылдық Мәдениет үйінде жастармен кездесті. Бишілер тобымен, спортшылармен жүздесіп, түрлі тақырыпта ой өрбітті.
Иіркөл ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі бақша егу және мал шаруашылығы. Осы мақсатта ауыл тұрғындары тындырымды тірліктерімен кәсіптерінің жемісін көріп отыр. Жер-Ана төсінен несібелерін теріп, өмір сүруде. Мемлекет тарапынан да көрсетіліп жатқан бағдарламаларға қатысып, үлестерін алуда. Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы осындай тірлігі мен бірлігі жарасқан ауыл тұрғындарымен өткізген есепті кездесуінде жағымды жаңалықтармен таныстырып, келешек іске асырылатын жоспарларды баяндады. Аудан экономикасын нығайтуға арналған жұмыстарға талдау жасап, бірқатар жобаға тоқталды.
Атап айтар болсақ, ауылда соңғы жылдарда ауылдың бірнеше азаматы шағын кәсіпкерлікпен айналысуда мемлекет тарапынан қолдау тапқанын, елді мекен орталығында балалар алаңы пайдалануға берілгенін және жақын арада аяқ суды реттеу үшін ұнғыма қазылатынын айтып қуантты. Сөз кезегінде ауыл тұрғындары Ринат Серпенов, Мароз Көпжасаров аудан әкіміне ауыл әлеуетін арттыруда көрсеткен қолдауына алғысын айта келе, шешімін таппай жүрген мәселелер төңірігінде сұрақтарын қойып, оған жауаптарын алды.
Төребай би ауылының тұрғындары егін, бақша және мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі күні елді мекендегі шаруа қожалықтарының негізгі кәсібі – бақша егу. Аудан басшысы Жандос Еркінбек ауыл тұрғындары алдындағы дәстүрлі есеп беру кездесуінде атқарылған жұмыстарға бағасын беріп, алда нендей жұмыстар істеледі, соған кеңінен тоқталды. Оның ішінде, ауыл орталығының балалары үшін спорт және ойын алаңы пайдалануға берілетінін, тұрғындар тірлігін тіктеуде ұнғыма қазу жоспарланып отырғанын, бір көшеге жөндеу жұмысы жүргізіліп, жарықтандырылатынын атады.
Жиында Бүркіт Қалдашбаевтың, Алтынбек Есетовтің, Қази Абылаевтың, Молдабай Нысанбаевтың, басқа да ауыл тұрғындарының бақшалыққа келетін аяқ суды реттеу, электр насосы арқылы су айдау үшін трансформатор орнату, көшелерді жарықтандыру сияқты сауалдарын қойып, оған нақты жауаптарын алды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің Алдашбай ахун ауылында тұрғындармен өткізген есепті кездесуі «Су қабылдайтын құрылғыны қайта құру» жобасы аясында ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа су айдау стансасының ашылу салтанатымен басталды. Станса мамандары Нұрлан Камулов пен Ералы Құлжановтың су қосуын тамашалады.Аудан басшысы тұрғындар алдында құттықтау сөз сөйлеп, жаңа су айдайтын стансаның жұмысымен танысты. Жағымды жаңалыққа куә болған ардагер ұстаз Сәрсенкүл Тоғызбаева қазақы дәстүрмен шашу шашса, еңбек ардагері Нәби Бисенқұлов ағалық батасын беріп, ыстық ықыласын төкті.Одан әрі аудан басшысы өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайын хабарлады.
– Биыл ауылда бірнеше көшеге жөндеу, спорт алаңын салу жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда тұрғындарға қолдау көрсетілуде, – деді ол.
Кездесу барысында тұрғындар Қартабек Айтмағамбетов, Алтын Сыздықова, Қошантай Әлібаев, Қайрат Кәрібозов және басқалар көкейлеріндегі мәселелері бойынша жан-жақты жауап алды. Жандос Еркінбекұлының аудан тұрғындарымен есепті кездесуі Тұрмағамбет ауылында жалғасын тапты. Онда ол ауылдық клуб үйінде өнерпаз жастармен жүздесіп, Дінислам Тоқсанбаев жетекшілік ететін жас жыршылардың өнерін тамашалады.
Одан әрі даңғайыр ақын Т.Ізтілеуов атындағы саябақта ауыл тұрғындарымен биылғы жылдың есепті кезеңі бойынша есеп беру жиынын өткізді. Онда бүгінгі таңда аудан экономикасын нығайтуға жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуы жайын баяндады. Дауылкөл ауылдық округі бойынша биыл 3 көшені жарықтандыру, 4 көшеге жөндеу жүргізілетінін, сонымен бірге дәрігерлік амбулатория салынатынын жеткізді.Келесі кезекте аудан әкімі Тұрлыбек Үбісұлтанов, Мырзағали Әлиев, Ұнарбек Илиясов, Ерлан Бисембаев, Нұрхан Тайнаев, Сағат Абауов, Жадыра Ақшолақова, Ғалымжан Қиясов, Жәнібек Үбісұлтанов, Жарылқасын Дәулетов сынды ауыл тұрғындарының сұрақтарына назар қойып, оның сапалы шешілуіне жұмыс жасалатынын жеткізді.Берекесі мен ынтымағы жарасқан, Еңбек Ері Қасымтай Ізтілеуовтей дара тұлға, басқа да дарын иелеріне құтты мекен болған Ақжар ауылы тұрғындары бүгінгі таңда егін егу, мал шаруашылығын, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуде тынымсыз еңбек етіп, нәпақасын табуда.Ауылда білікті сала мамандары Жомарт Жалғасбаев басқаратын «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Нұрлан Қомшабаев басшылық ететін «Ақжар» шаруа қожалығы күріш өндіру бағытында жұмыс істеуде.
Аудан басшысы Жандос Еркінбек ауыл тұрғындарымен өткізген дәстүрлі кездесуінде ауыл әлеуетін арттыруда жоғарыда аталған шаруашылықтардың еңбегіне жоғары баға берді.Сонымен қатар, өңір экономикасының өрлеуіне бағытталған жобаларға тоқталды. Атап айтар болсақ, жастарды бұқаралық спортқа баулуда аудан орталығында спорт кешені ашылғанын, жақын айларда Ақай ауылында екіншісі пайдалануға берілетінін, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал ауылдарында заман талабына сай денешынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтеретінін жеткізді. Кәсіпкерлік саласында да ауданда жүзеге асырылып жатқан жобаларды тізбектеп берді. Кәсіпкерлер Нағима Тоқсанбаева заманауи үлгідегі сауда орталығын, Дәулет Қанатбай газоблок өндіретін шағын зауыт салып жатқанын сөз етті.
Ақжар ауылында алдағы уақытта көшелерді жөндеу, электр желілерін жаңарту, ойын алаңын салу жоспарлануда екенін айтты.
Ал, кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде аудан басшысы Жомарт Жалғасбаевтың, Балтабай Бедебаевтың қойған сұрақтарына нақты жауабын берді.Ақтөбе ауылында өткен есепті кездесуде аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы тұрғындар алдында жыл басынан бері өңірімізде атқарылған және атқарылатын жобаларды баяндап, ауыл әлеуетін арттыруға 20 млн-дай қаржы бөлінгенін және ол ауылдың көшелерін жарықтандыруға, электр желілерін жаңартуға, басқа да жобаларға жұмсалатынын хабардар етті.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары Нұрлан Матжанов, Қалабек Шабақов, Марат Садықов, Әби Қойшығұлов, Нұрхан Мадияров, Анар Байзақова, Ғабиден Оспановтардың тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа су айдау стансасын салу, шаруашылықтан үлескерлер үлесін алу, жер мәселесі, мал жайылымы, жаңадан балабақша салу сияқты сауалдарына зейін қойып, олардың орындалуына заң аясында күш салатынын жеткізді. Кездесуден соң №109 орта мектепте болып, ондағы жылыжаймен танысты.
Қуаңдария ауылында өткен жылы жаңадан клуб үйі ел игілігіне берілсе, демеушілер ауыл балаларына ойын алаңын тарту етті. Ал, енді 4-і деңгейлі бюджет қаржы есебінен көше жарық шамдары жаңартылып, ел-жұртты қуантты.Биыл да Қуандария ауылы тұрғындары үшін жақсы жаңалықтармен айшықталып отыр. Нақтысын айтқанда, Ерімбет, Бейбітшілік көшелеріне асфальт төселсе, спорт алаңы жөндеуден өткізілуде, ауыл тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз етуде трансформатор сатып алынды. 5 көшені жарықтандыру, ауылдағы электр желілерін жаңарту жоспарлануда. Биыл облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов басқаратын «Жаңажол» ЖШС-нің демеушілігімен ауыл тұрғындарының бақша егуіне қолайлы жағдай жасауда ауыл аумағындағы «Қарашұқыр» бағытында орналасқан бақшалыққа арналған каналы қазылып, «Қуандария» өзегі мен «Таңатар» каналы сағасы тазаланды. Ауыл азаматтарының қолдауымен «Ыстық бұлаққа», орталықтағы Рәміздер алаңы мен субұрқаққа жөндеу жүргізілді. Алдағы уақытта ауыл маңындағы «Бақанды» каналын да жөндеуден өткізу жоспарлануда.Міне, осындай жағымды жаңалықтармен айшықталған ауылда аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы тұрғындармен өткізген есеп беру жиынында бірқатар жұмыстарды атап өтіп, жоспарымен бөлісті. Қуаңдариялықтарды Байқоңырда және оның айналасындағы елді мекендерде, жалпы аудан бойынша салынып жатқан әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды атап өтті.
Сондай-ақ ол Асылбек Мырзахметов, Ешмағамбет Дүйсебаев және басқалардың сұрақтарына жауап берді. Аудан басшысы Жандос Еркінбек өзінің жыл басынан бері атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру кездесулерін шалғай орналасқан КСРО Батыры Т.Көмекбаев атындағы ауылдық округте өткізді. Ол есепті кезеңде аудан экономикасын нығайтуда жасалып жатқан жұмыстарды баяндай келе, ауылдық округінің бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабарлама жасады. Өткен жылы аудан әкімдігінің қолдауымен ауылдың іргетасын қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері Қаратай Қуаңбаевтың 100 жылдығы аталып өтілсе, биыл Тәуелсіздік, Балқы Базар жырау көшелеріне орташа жөндеу, ал Қ.Қуаңбаев көшесін жарықтандыру жоспарда бар екенін тиек етті. Ауыл паспорты да жақын арада жаңартылады деді. Сонымен бірге, «Қоңыраулы», «Қарақ» су тоспаларына жөндеу жүргізіліп жатқанын, ауылдық клуб үйі мен «Ақжар-Көмекбаев» автожолына жөндеу жұмыстары өз шешімін тауып жатқанын назарға салды.
Сөз кезегінде Қожабай Тұрғанов, Қилыбай Алманов сынды ауыл тұрғындарының көтерген мәселелеріне ден қойып, оған жауабын берді.Аудан әкімінің есеп беру кездесуі аясында ауылдық клубта жастармен кездесіп, ақыл-кеңесін берді.