Kyzylorda-news.kz Өткен аптада Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақовтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 17-сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округінің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, талқыланды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла және облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Е.Абдрахманов (қосымша) хабарласа, үшінші мәселе бойынша «Кент, ауылдық округтердің 2023 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерін бекіту туралы» кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің хабарламалары тыңдалды. Төртінші, бесінші мәселелерде аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мәслихаттың атқарған жұмысы бойынша есеп берсе, «Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы №132 «Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
