Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылындағы №116 сайлау учаскесінде 2022 жылы «2021-2025 жылдарга арналган кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобаға қатысып, грант жеңіп алған кәсіпкерлеріміздің кулинарлық және кондитерлік, нан өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
