Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің маманы, аудандық емхана дәрігерінің қатысуымен Қармақшы ауданына қарасты Дүр Оңғар ауылдық округіндегі №107 орта мектептің және ІІІ Интернациона ауылдық округі №108 орта мектептің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу жиынын өткізді. 

Жиында оқушыларға кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, құқықтық сауатсыздық, өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен әртүрлі келеңсіз жағдайларға кезігіп қалудың мүмкін екендігін, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратыны жайлы, сондықтан құқықтық тәрбиені санаға сіңіріп, әркім өзінің жеке басын және қасындағылардың жеке басын құрметтеу керек екені айтылса, дәрігерлер тарапынан салауатты өмір сүру салты, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, жеке бастың тазалығы жайлы сөз болды.

Жиын еркін форматта өтті. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, құнды ақпараттар алғанын жеткізді. 

316665728_624630922746536_7937129413979311937_n.jpg

316313550_624631026079859_4688551357600936390_n.jpg
 

Тағы да оқыңыз: