Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов «Ментальді арифметика» бойынша республикалық олимпиадаларда жүлдегер атанған оқушыларды қабылдады. Қабылдауға 11 оқушы, ата-аналары және мектеп мұғалімдері қатысты.

«Аудандағы еліміздің нағыз жас патриоттары, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін ұрпақ өсіп келеді. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Осы ретте әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесіп келеді. Оған дәлел бүгінгі бүлдіршіндеріміз. Олар қашанда ата-ана мен ұстазынан алған тәлім-тәрбиенің және өзіндік озық-ой дарындылықтары мен қарымды қабілеттерінің арқасында жетістікке жетуде. Сондықтан да әрдайым биік белестерді бағындырып, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен алдағы уақыттада қуанта беріңіздер! Бүгінгі кездесуде баршаңызға білім белестерін бағындыруда жаңа жетістіктер мен зор шығармашылық табыстар жолында сәттілік тілеймін», – деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.

Қабылдауда оқушылардың ата-аналары сөз сөйлеп, ұл-қыздарының шығармашылығын шыңдауда атсалысқан ұстаздарының еңбегін айтып, алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңында бүлдіршіндердің білім бәсекесінде жеткен жетістіктері ескеріліп аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бүгінде ауданымызда оқушыларымыздың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалануда «Ментальді арифметика» жеке ақылы үйірмесі жұмыс жасайды. Қазіргі таңда бұл үйірме жетекшісі Жөнербаева Мереке Жолдасқызы. Үйірме 2022 жылдың наурыз айында ашылған. Оқушылар аптасына бес күн ақылы негізде қатысады. Үйірме ашылғанына аз ғана уақыт болсада жеткен жетістіктері жетерлік.

Бірнеше рет Шымкент, Алматы, Астана қалаларында олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алған.

316104945_2225464487624445_2371445701487722808_n.jpg

316129548_2225464527624441_7395757777067543549_n.jpg

316427950_2225464870957740_6335245464724881595_n.jpg

Тағы да оқыңыз: