Kyzylorda-news.kz Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті.
Аудандық қоғамдық кеңес отырысына Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Әділ Қошалақов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов, ("ZOOM" платформасы арқылы онлайн қатысты),Қармақшы ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Д.Молдабаев, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, қаралатын мәселелер бойынша есеп беретін және мониторинг жүргізген комиссия мүшелері, Қармақшы аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыжан Нысанбаев, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Құндақбаев, Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары саласы бойынша сектор меңгерушісі Ерлан Еркебаев, Қармақшы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Қ.Әліп, «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің бастығы Ә.Қаршыға, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойыншатиісті мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлердің есебі тыңдалып, талқыланды.
«Қармақшы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының денсаулық сақтау саласы бойынша аудандағы атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы атқарылған жұмыстары туралыесебін беру кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Сүлейменов "ZOOM" платформасы арқылы онлайн қатысып отырды. Кеңес отырысында«Қармақшы аудандық полиция бөлімімен аудан көлемінде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарып отырған жұмыстары және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» орындалу барысы туралы» есебі жасалды.
Осымен қатар «Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы» «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесімен атқарылып жатқан жұмыстар барысы тыңдалды.
Жасалған есептер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланып, ұсыныс пікірлерін білдірді.
Кеңес отырысында «Қармақшы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 167 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы, сонымен бірге «Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы28 маусымдағы №68 «Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобалары мақұлданып, келісім берілді.