Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету басты міндет. Ал нарықтық экономиканың қарқын алған кезінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібіндегі тұрақты мәселелердің біріне айналғаны заңдылық.

Осыған орай, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан ауданда ішкі нарыққа талдау жасалып, бағаларды негізсіз көтеру фактілерін алдын алу шаралары мен зерделеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік желілер мен жергілікті басылымда баға тұрақтылығына байланысты ақпараттар ұдайы жарияланып тұрады. Осы орайда бүгін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі жұмысшы тобы мүшелері аудан орталығындағы сауда орындары мен шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендерге баға мен қажетті қордың болуына талдау жүргізілді.

Сауда объектілерін аралау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына сауда үстемесін негізсіз көтермеу, сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша шаралар қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары апта сайын жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: