Kyzylorda-news.kz. Барлық ауылдық округтердегі сапарында Қармақшы ауданының басшысы мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтап келеді.
Қармақшы ауылындағы сапарында да аудан басшысы осы мақсатта мектеп пен балабақшаның жай-күйімен танысты. Білім беру ұйымдарының жұмысын тексерген Жандос Еркінбекұлы бірқатар ескертпелер жасап, 30 тамызға дейін кемшіліктердің жөнделіп, мектеп пен балабақша бала қабылдауға ешқандай кедергісіз, толықтай дайын болуын тапсырды.
Сондай-ақ облыстық маңызға ие Жосалы-Жалағаш автожолының Қызылтам-Далдабай елді мекендерінің аралығындағы су шайып кеткен бөлігінің қалпына келтіру жұмыстарын бақылаған аудан әкімі жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалауды сала бойынша орынбасарына жүктеді.