Kyzylorda-news.kz. Биыл күз науқаны Сыр елінің, оның ішінде Қармақшы өңірінің диқандарына сарқылмас ырыздық-несібесін ала келді. Жаз бойы атыз жағалап тер төккен егінжай ерлері еңбегінің өтеуі қайтып, ақ күріштен тау тұрғызылды.

Осы орайда, Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет ауылында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2022» мерекесі атап өтілді.

Бұл күні «Тұрмағамбет» ЖШС-нің Сыр маржанын төкпей-шашпай жинауда күні-түні тер төккен дала диқандарының еңбегі айшықталып, құрмет төрінен көрінді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерейлі сәтімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары ел диханшыларының өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберліктерінің арқасында бүгінгі күні ел алдында ең жоғарғы құрмет пен қошеметке ие болып, марапаттқа лайық екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Тұрмағамбет ауылының бірқатар азаматтары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік қосқан үлестері ескеріліп,аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шара барысында «Тұрмағамбет» ЖШС-нің тарапынан ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген ауыл еңбеккерлері, диханшылары марапатталып, қаржылай сыйақы мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Сондай-ақ, аудан жастары қазақша күрес, арқан тартыс және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.
 

316126021_2224095774427983_5017420739711842220_n.jpg

315893353_2224095624427998_4245174916049474318_n.jpg

315944230_2224095534428007_2490493603055001306_n.jpg

316038685_2224096594427901_91585492078483721_n.jpg

315781004_2224096124427948_3014747297502821113_n.jpg

Тағы да оқыңыз: