Kyzylorda-news.kz Ауыл халқының тұрмысын жақсартып, табысын арттыру, барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешу үшін Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда. Бұл – ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадам. Ауылдағы ағайынның табысын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін ашқан азаматтар қатары көбейіп келеді.

Осыған орай, партияның Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов және тиісті сала мамандарымен бірге 2023 жылы аталған бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алған бірқатар аудан тұрғындарының кәсібін аралады. Аудан бойынша 2023 жылы 45 жоба 297,5 млн теңге қаржыландырылған.

Солардың бірі Жосалы кентінің тұрғыны Даурбек Джабеков. Ол фибробетон құрылыс материалын шығару (құрал-жабдықтар алу) үшін бағдарлама арқылы 3,0 млн теңге несие алып, қазіргі таңда аудан тұрғындарына қызмет жасауда.

Одан соң, той безендіру орталығына арналған құрал жабдықтар алу үшін жеңілдетілген несие алушы Аманова Айнұрдың той безендіру орталығына барып кәсібімен танысты. Кәсіп иесі өз кезегінде жаз мезгілі той уақытының қызған шағы екендігін, тапсырыстың көп екендігін және аталған бағдарлама арқасында өз кәсібін дамытып, табыс тауып отқандығын жеткізді.

Келесі кәсіп иесін Омарова Жұлдыздың таңдаған кәсібі көлік жуу орталығына құрал-жабдық алу. Бұл орталықта авто көлік иелері авто көліктерін өздері келіп, арнайы аппаратқа тиын салу арқылы жуады. Бұл кәсіп те қазіргі заманның талабына сай екендігі белгілі.

Кәсіпкерлер өз жобалары туралы айтып, алдағы жоспарлары мен бөлісті. Өз кезегінде Әділ Қошалақов жаңадан кәсіп ашып, кәсіпкер болып жатқан азаматтарға еңбектеріне сәттілік, толағай табыстар тіледі.

Тағы да оқыңыз: