Kyzylorda-news.kz. Дамыған елдерде экономиканың қозғаушы күші бизнес екені белгілі. Шағын және орта бизнес қарыштап, дамыса, халық кәсіппен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің де өсіп өркен жаяры анық. Бүгінде ауданда бәсекеге қабілетті, жан-жақты кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді. Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде қолға алынған шара көп.
Рас, аудан да кәсіпкерлік кеңінен қанат жайып келеді. «Кәсіп – түбі нәсіп» дейді дана қазақ. Ал мемлекетімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып жатқан мемлекеттік бағдармалар да аз емес. Осы жобалар негізінде талай жанның жолы ашылып, бизнесте бағы жанып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар қаншама?!
Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 387,0 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 3 555,0 млн теңгені құрап, 104,7 пайызға орындалған болатын. Өнеркәсіп көрсеткіштері мамыр-тамыз айларының аралығында төмендеді. Қыркүйек айынан бастап көрсеткіштердің жоғарылау динамикасы қалыптасып, жыл қорытындысымен оң нәтижеге қол жеткізілді. Көрсеткіштердің төмендеуі 2022 жылдың басындағы өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлердің статистикалық есептіліктер тапсыру барысында, өткен жылмен салыстырғанда, өнім көлемін төмен көрсетуімен байланысты болса, жоғарылауына жыл көлемінде көрсеткіш резервтерін арттыру бағытында кәсіпорындармен атқарылған жұмыстар септігін тигізді.
Бөлшек сауда көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 8 019,1 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 133,5 пайызға орындалды. Көрсеткіштің артуына 2022 жылы ауданнан жаңа ашылған сауда нысандары және жаңадан статистикалық есептіліктер тапсыратын («2-сауда» нысаны) сауда саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің (респонденттер) тіркелуі әсер етті. Өткен жылы «Гелиос» жанармай құю бекеті ашылса, ауданға сауда саласындағы «Империя» ЖШС, «В-телл» ЖШС жаңа респондент ретінде тіркелді.
Қазіргі таңда, бөлшек сауда саласындағы «2-сауда» нысанын тапсыратын ауданға тіркелген 8 респондент жұмыс жасап тұр. Олар: «Мир-2001» ЖШС, «Руслан» ЖШС, «Болашақ құрылысы» ЖШС, «Сыпайы Фарм» ЖШС, «Имеперия» ЖШС, «Шапағат» ЖШС, «Қармақшы ТК» ЖШС, «В-теллл» ЖШС. Сонымен қатар, ауданда өкілдіктері сауда қызметімен айналысатын бірқатар кәсіпорындар бойынша есептілік тапсырады. Олар: «Арал-газ» ЖШС, «Технодом-Оператор» АҚ, «Гулсер-Компьютерс» ЖШС, «Торгосервис КЗ-4» ЖШС, «Петро-Ритейл» ЖШС, «Мечта-Маркет» ЖШС, «Қызылорда Мұнай өнімдері» ЖШС, «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Ақниет» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Фиркан» ЖШС, «Гелиос» ЖШС
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерілік субъектілер саны 2023 жылдың 1 қаңтарына 4 200 бірлікті құрайды. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 125,9 пайызға өсім бар. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3 921 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 129,8 пайызға орындалды. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілердегі жұмыс жасап тұрғандарының үлесі 93,4 пайызды құрады (жоспар 92 пайыз). Көрсеткіштің артуына мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнес жобаларды несиелендіру, гранттар беру аясында жаңа кәсіпкерлік субъектілерді тіркеу оң әсерін берді.
2022 жылдың 6 айының қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 5 022 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға, олармен шығарылған өнім көлемі 4 411,0 млн теңгені құрап, 90,1 пайызға орындалды.
Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша 2022 жыл көлемінде барлық бағдарламалар шеңберінде 631 жоба 3 985,7 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде: «2021-2022 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде несие сыйақысының бір бөлігін субсидиялау (ДКБ-2025) бойынша 70 жоба 2 154 млн теңгеге несиелендірілді. Ал «Іскер», «Агробизнес», «Реинвест» бағдарламалары шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 25 жоба 1 049,7 млн теңгеге несиелендірілді. Сондай-ақ «Іскер», «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламалары шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік Инвестициялық Орталығы» (РИЦ) арқылы 17 жоба 100,3 млн теңгеге несиелендірілді. Ал «Атамекен-Қызылорда» арқылы (ДКЗ) 15 жоба 60,4 млн теңгеге несиелендірілсе, «2021-2022 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңашыл 1 жобаға 5,0 млн теңгенің, жұмыссыз азматтардың 503 жобасына 616,3 млн теңгенің гранттары берілді.
Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы екі жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Дегенмен, дәлелді себептермен жобаларды іске қосу біршама уақытқа шегертілді:
«Қармақшы құс» ЖШС-нің «Жылына 1500 тонна тауық етін өнідретін құс» фабрикасының құрылысы 2021 жылы аяқталып, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың басында «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 880,0 млн теңге несие мақұлданды. Жоба бастамашысы тарапынан мерзімінде шет мемлекеттерге тапсырыс берілді. Құрал-жабдықтарды жеткізу кешіктірілуіне байланысты, монтаждау жұмыстары кеш басталды.
«Тұрған тамы» шаруа қожалығының «Балық өңдеу цехын ашу» жобасы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталмағанына байланысты іске қосылған жоқ. Туризм саласына келсек, қазіргі таңда, Қармақшы ауданы бойынша «Батыс Қытай – Батыс Европа» автотрассасы бойында түрлі санаттағы 14 қызмет көрсету нысандары жұмыс жасап тұр, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізінің 1663 шақырымында орналасқан, қысқа мерзімді демалыс аланқайында санитарлық-гигиеналық тораптың құрылысы жүргізілуде.
Орналастыру орындарының негізі көрсеткіштері бойынша Қармақшы ауданында 2022 жылдың 9 айында 7 нысанда 2 769 адамға қызмет көрсетілген, көрсетілген қызметтердің көлемі 13,2 млн теңге. Өткен күнтізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға орындалды. (Орналастыру орындары жөніндегі есептілік 3 қонақ үй және 4 жол бойындағы қызмет көрсету кешенінен алынған)
Қонақ үйлердің (орналастыру орны) нөмірлік қор санын ұлғайту көрсеткіші бойынша аудан көлемінде орналасқан қонақ үйлердің бір мезеттегі сыйымдылығы 187 орын, 93 нөмірге жетті. 2022 жылдың қорытындысымен «Қорқыт ата» кешеніне 13 612 адам келген. Оның ішінде шетелдік туристер саны 332 адам. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға байланысты 4 кешеннің санитарлық-гигиеналық торабы комиссия қарауында оң шешім алды.2022 жылы іске қосуы жоспарланған санитарлық-гигиеналық тораптың (жеке кәсіпкер Т.Нұртазаева) орналасу орнында пайда болған кедергілерге байланысты орындалмады. Қазіргі таңда, кедергілерді жою жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы нысан іске қосылады.
Жаңа кәсіпкерлік нысандарды іске қосу
Былтыр жыл басынан бері Жосалы кентінде Шолпан Махмутованың «Шынар ана» автобекеті, «Әмбебап» ЖШС-нің «Ғибрат ас үйі» мейрамханасы, Нағима Тоқсанбаеваның «Адина» жеміс-жидек дүкені, Ерлан Нағашыбаевтың фотостудиясының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Өтегенов кәрімнің кибер спортты дамыту саласындағы компьютерлік клубы ашылды. Сонымен қатар Төретам кентінде «Гелиос» жанармай құю бекеті, ЖК «Алтаирдың» оқу-оңалту орталығы және Джакешов Аманның балалар ойын-сауық орталығының құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ бірқатар кәсіпкерлік нысандардың құрылысы басталды. Атап айтар болсақ, Абай Маратовтың көлік жуу орны, Нұрлыбек Өтегеновтің дүкен және сұлулық салоны, Рауа Бұйрабаеваның жеке балабақшасы, Мейірбек Сыдықовтың тез тамақтану кафитерийі, Айна Тұрғанованың сауда орталығы, «Бибінұр базарының» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары, Дина Серікбаеваның кәсіпкерлік нысаны, Гүлнар Серікбаеваның көлік жуу орны.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Тоқсанбаева Нағима Жосалы кентіндегі «Таңсықбай» базарын сатып алып, заманауи үлгіде сауда орталығының құрылысын бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жеке кәсіпкер Тиышкүл Үкібаева көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастау үшін жер телімін алуға өтініш берді.
