maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданынының білім саласы бойынша Ақжар ауылындағы №28 мектеп, Төретамдағы №85 мектеп және Жосалы кентіндегі №121 мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Төретам кенті мен Ақай ауылында газ тарату желілерінің, сонымен қатар аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Сонымен бірге Жосалы кентіндегі Шығыс каналына темір бетонды лоток орнатылды. №30 орта мектеп пен аудандық аурухана газ желісіне қосылды. Ал, енді кәсіпкерлік саласына келсек, аудан бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектісі – 4816, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 4445 бірлікті құрады. Кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған адамдар саны биылғы жылдың 2 тоқсанында 5022 адамды құраса, өндірілген өнім көлемі 4,4 млрд теңге болды. Осы жылдың 11 айында барлық бағдарламалар шеңберінде 111 жоба 1 млрд 900 млн теңгеге несиелендірілсе, 504 жобаға 621,2 млн теңгенің гранты берілді. Биыл «Микробизнес Қызылорда» өңірлік бағдарлама шеңберінде кент бойынша 11 жоба «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасымен 19 жоба қолдау тапты. Ал «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 9 жоба несиелендірілді. Аграрлық несие корпорациясының «Іскер» бағдарламасының шеңберінде 7 жоба, «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 6 жоба қаржыландырылды. «Ұлттық жоба» шеңберінде әлеуметтік әлсіз топтар санатына кіретін жұмыссыз 193 азаматтың бизнес бастамаларына грант берілді. Келесі кезекте, ауылшаруашылығы саласында биыл 24 326 гектар егістік алқапқа түрлі дақыл орналастырылды. Оның ішінде, күріш көлемі 12773 гектар.

Су тапшылығы жағдайында қашыртқы суын қайта пайдалану үшін егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында 39 дана және үйіргелік жерде өсірілген көкөніс, жеміс-жидек өнімін аяқ сумен қамтамасыз үшін 18 дана, барлығы 57 дана насос жұмыс істеді. Мал шаруашылығында да өсім байқалады. Төрт түлік бойынша өсім орташа 7,3 пайызды құрайды. Атап айтқанда, 2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,7 пайызға, қой 1,8 пайызға, ешкі 13,6 пайызға, жылқы 22,2 пайызға, түйе 8,5 пайызға, құс 9,8 пайызға көбейді.

Жол мәселесі жайында сөз қозғар болсақ, Жосалы кентінің 17 топырақты көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 14 көше пайдалануға берілді. Ал 3 көшенің жоспар бойынша жұмысы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Сонымен бірге, 2021 жылы бөлінген «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы Абай көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жарықтандыру мәселесінде Аманкелді көшесіндегі көше жарықтарының электр желісі жаңадан жүргізіліп жатса, абаттандыру төңірегінде көтерілген мәселелер бойынша Жосалы кентіндегі 4 футбол алаңына газон төселді. Балалар жылы аясында Қуаңдария, Дауылкөл, Ақтөбе, Жаңажол, Қармақшы ауылдары мен Жосалы кентінде балалар ойын алаңдары демеушілер есебінен ел игіліне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Ақтөбе ауылдық округінде «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен ірі көлемде балалар ойын алаңы және Төретам кентінен балалар мұз айдынының құрылысы жүргізілуде. Жосалы кентіндегі Көшербаев көшесіне автотұрақ және темір бетонды лоток орнатылды. Аудан орталығының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Жосалы кенті әкімі аппаратына «ППМ-2000» тіркемелі сыпырғыш машинасы сатып алынды. Аудан бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мақсатында тұрақты азық-түлік себеті таратылса, аудан бойынша 2785 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Өткен жылы Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына арналған республикалық жыршы-жыраулар фестивалі ұйымдастырылса, «Жаңақала» кеңшарының негізін қалаушы Қаратай Қуаңбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық мәдени шара өткізілді. Ал спорт саласы бойынша осы жылы жерлестеріміз Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Кубогында 16 алтын, 6 күміс, 16 қола медаль, Азия біріншілігінде 1 қола, Әлем біріншілігінде 3 алтын, Әлемдік Гран-при турнирінде 1 қола жеңіп алды. Қармақшы ауданының жас спортшысы Әлихан Әлиасқаров «Бала барысы – 2022» атанды.

Тағы да оқыңыз: