Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқытуға облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы Әлібек Алмағамбетов, өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің инспекторы Назира Ишанбек, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының сарапшысы Жанасыл Балтабай арнайы қатысты.
Семинарда «Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік-рәсімдік Кодексінің талаптарын сақтау мәселесі түсіндірілді. Семинарға қатысушылар хабарламашыларға күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Сондай-ақ, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Смағұлов жауапты мамандарға заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қатаң бақылау орнатып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Жалпы мұндай шаралардың барлығы аудан тұрғындардың тарапынан келіп түскен өтініштерді дер кезінде тіркеп, оларды мерзімінде мазмұны бойынша тиісті органдарға жолдап, тұрғындарды әуре сарсаңға салмай мәселелерін тез арада шешу үшін ұйымдастырылып жатқан шаралар деп айтуға болады. Алдағы уақытта да әкімдік тарапынан осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беретін болады.
