maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жеке құрамының қатысуымен 2023 жылдың 3 айында Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алдағы тұрған негізгі міндеттерді белгілеу бағытында  жедел кеңес өтті.

Жедел кеңеске Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Досжанов келіп қатысты. 2023 жылдың 3 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстар, әскери қызметтік тәртіп пен заңдылықтың сақталу жағдайы және жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының қорытындысы жан-жақты талқыланды. 

Атқарылған жұмыстардағы орын алған негізгі кемшіліктер, оларды жою жолдары пысықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдағы тұрған міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал және жауынгерлік рухын қалыптастыру, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында әскери даярлық сабақтарын үнемі жүргізуді тапсырды. 

Жедел кеңесте полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарының жұмыстарын толықтай цифрландыру, халықтың мүддесін қорғаудағы полицияның ашықтығы, қызметті одан әрі жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі  А.Досжанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ҚР-ның Ішкі істер министрімен өңірлерге берілген тапсырмаларды жеке құрамның  назарына жеткізіп, жедел кеңесті қорытындылады.

Тағы да оқыңыз: