Қармақшы ауданы бойынша биылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жүргізілуде. Осы бағытта аудан әкімі Жандос Еркінбек Жаңажол, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар және Дауылкөл ауылдық округтеріне жұмыс сапары барысында егіс алқаптарын аралап, күзгі дала жұмыстарының барысын бақылап қайтты.

2026 жылы аудан бойынша жалпы 25 475 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 11 449 гектарға күріш, 1 027 гектарға жаздық бидай, 200 гектарға арпа, 1 182 гектарға мақсары, 733 гектарға дәндік жүгері, 140 гектарға соя, сондай-ақ жоңышқа, судан шөбі, сүрлемдік жүгері және картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді.

Алдағы кезеңде шаруашылықтар алдында басты міндет – күріш жинау жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау. Сондықтан жұмыс сапары кезінде Жандос Еркінбек астықты уақытылы жинауға және өнімді ысырапсыз қамбаға түсіруге қатысты жұмыстарды бақылап, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.

FB_IMG_1790055533076.jpg

Тағы да оқыңыз: