Kyzylorda-news.kz Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2023 жылы 1602813,6 мың теңге қаржы қаралып, 2024 жылдың 1 қаңтарына 1602109,7 мың қаржысы игеріліп, жалпы қаралған қаржының 99,9 пайызы игерілді.

Былтырғы жылы Қармақшы ауданы бойынша жұмыс іздеуші ретінде 6455 адам хабарласқан. Оның ішінде Қармақшы – 4823 адам, Байқоңыр қаласы бойынша – 1632 адам. Ал есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 528 адам. Тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,3 пайызды құрайды. Жұмысқа орналасқандар саны –  1646.  

2023 жылы аудан бойынша 2856 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 2896 жаңа жұмыс орындары ашылса, оның тұрақтысы 1319 орын. Бұл жылдық жоспардың 101,4 пайызы болып орындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімдеріне әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі тапсырмасының орындалуы бойынша өткен жылы жоспар 531 жұмыс орны тиіс болған. Жыл қорытындысында барлығы 1006 орын ашылған. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 579 адам, Байқоңыр қаласында – 427 адам. 

– Аудан бойынша 2023 жылы «Ұлттық жоба» аясында барлығы 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Осы бекітілген жобалар бойынша 186 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса Жыл аяғында 215 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 119-ы тұрақты, 96 уақытша. Жекелеп тоқталар болсақ,  «Сапалы білім» білімді ұлт» бағдарламасы аясында 56 тұрақты жұмыс орны және «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасымен 31 уақытша жұмыс орындары ашылды, – деді Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов. 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 52 тұрақты жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы аясында 76 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Қазір бизнес бастаймын деген жанға мемлекеттен берілетін мүмкіндік көп. Тек ебіңіз бен бейіміңізге сай саланы таңдап, тәуекел етсеңіз болғаны. Тиісті құжаттарды өткізіп мүмкіндіктен құр қол қалмаған дұрыс. Қармақшы ауданында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК бойынша 194 адамға 267720 000 теңге қаралды. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін 194 адам 267 720 000 теңгеге қайтарымсыз грант алды. Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуға 1015 адам өтінім білдіріп. Оның ішінде аяқтап сертификат алғандары – 806.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарға сәйкес 64 адам мекемеге жолданды. Барлығы жұмыстарын аяқтап 58 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал «Жастар тәжірибесі» бойынша 113 жас маман мекемеге жолданып, олардың 51-і аяқтаған. Тәжірибеден өткен мамандардың ішінен 30 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 

– Қазір қоғамды алаңдататын мәселенің бірі – жұмыссыздық. Рс мәселені алдын алуда елімізде түрлі жобалар қолға алынуда. Соның ішінде соңғы жылдары кең тарағаны – қоғамдық жұмыс. Өткен жыылы аудан бойынша барлығы 1106 адам 227 мекемеге жолданды. Барлығы жұмыстарын аяқтап 705 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына бойынша 42 адам 21 мекемеге жолданып, 19 адам аяқтап. Оның ішінде Байқоңыр қаласы бойынша 18 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 6 адам жоспарланып Байқоңыр қаласы бойынша 2 мекемеге 3 адам жолданып, жұмыстарын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. «Күміс жас» жобасына – жоспарға сәйкес 46 адам 25 мекемеге жолданып, оның ішінде 11 адам аяқтап 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 

«Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының кіші жүйесі онлайн режимінде жұмыссыздарды кәсіби оқыту платформасы бойынша 396 адам оқытылып барлығы сертификаттарын алды. 

Өткен жылы 2023 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына белгіленген квоталарға келсек, 2022 жылдың қараша айының 18 жұлдызында аудан әкімдігінің №153 «2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» қаулысымен 13 жұмыс орнына жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгіленді. Нәтижесінде, белгіленген квоталар бойынша 13 квота орындалды. Атап айтқанда: «Қызылорда облыстық медицина орталығының Байқоңыр қаласы бойынша филиалына» 4 адам, «№284 мамандырылған мектеп-лицей интернаты» 1 адам, «Күн Нұры» балабақшасына 1 адам,«Оңталап» шаруа қожалығына 1 адам, «183 орта мектебіне» 2 адам, «Бал-балапан» жеке балабақшасына 1 адам және «Қармақшы-құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 3 адам жұмысшы болып жұмысқа орналасты. 2023 жылға белгіленген жоспар толығымен орындалды.

Аудандағы тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларына тоқталсақ. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2023 жылы 518 отбасының 2590 адамына 202 404,9 мың теңге және Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 26 631,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мұқтаждығын зерделеу мақсатында  25 тамыз 2023 жылғы аудан әкімінің №32-ө/нқ өкімімен жұмысшы тобы құрылды. Мониторингтік жұмысшы топпен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 31 отбасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 11 отбасының жалған мәліметтер ұсыну фактісі, табысын жасырғандар 11 отбасы, 8 отбасы өз еркімен бас тартты.

Еңбекке жарамды атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамту шараларына тарту үлесінің 2023 жылы орындалуы Қармақшы – 76,7 пайыз, Байқоңыр қаласы – 71,9 пайызбен жоспарды толығымен орындалды. 

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2023 жылға 1797 отбасының 6086 мүшесіне 212906,9 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде Байқоңыр қаласы бойынша 1522 отбасының  5326 мүшесіне 201117,9 мың теңге.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 2023 жылы 9 – Мамыр Жеңіс күніне ардагерлерге 40 АЕК көлемінде (138 000 теңге)1 реттік әлеуметтік көмек, яғни 184 адамға 25 392,0 мың теңге қаржы төленді. Атап айтсақ, Ауғанстан – 69, Вьетнам – 1,  Ауған-Тәжік – 40, Таулы Карабах – 9, Ирак – 1, Чернобыль – 17, Семей – 37, Совет армиясының мүгедегі – 10 адам.

Аймақ басшысының бастамасымен өңірге қажетті мамандықтарды даярлау мақсатында 2023 жылы оқу грантына 38 студентке 28 780,3 мың теңге қаржы қаралып, оқу ақысы мен жүріп тұру шығындарын өтеу мақсатында әлеуметтік көмек төленді. 

Қармақшы ауданы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 3464 азаматқа 24202,2 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмектер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, азық-түліктей 1395 адамға 12333,0 мың теңге және басқалай көмектер бойынша 2069 адамға 11869,2 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйені өзектендіру барысына тоқталар болсақ. Білім саласы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын бағытында 1514 бала анықталған.  «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінен 1513 бала өзектендірілді. Ұлттық білім беру дерек қоры (НОБД) ақапараттық жүйесінен 845 бала өзектендіріліп, 669 бала өзектендірілмеген. Өзектендірілмеген 669 баланың 133 баласы бала бақша кезегінде тұр, үй жағдайында 180 бала тәрбиеленіп отыр. Мүгедектігі бар 2 бала әрекетке қабілетсіз санатын НОБД ақпараттық жүйесіне тіркелді. Қайталама ЖСН берілген 2 баланың мәліметін Әділет департаментіне жою жөнінде мәлімет ұсынды.
Тұрғылықты мекен жайда тұрмайтын 352 баланың жартысынан көбі Төретам кенті, Ақай және ІІІ Интернационал ауылында тұрақты тіркеуде тұрғанымен олар Байқоңыр қаласында мекен жай бойынша тіркеліп білім алып жатқан балалар.

Мектепке немесе ТжКБ-ға 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бағытында 484 бала анықталды.

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінен 377 бала өзектендірілді. Ұлттық білім беру деректор қоры (НОБД) ақапараттық жүйесінен 227 бала өзектендіріліп, 257 бала бүгінгі күнге өзектендірілмеген. Өзектендірілмеген 257 баланың Мүгедектігі бар 11 баланың әрекетке қабілетсіз деп танылған қаулыларын НОБД ақпараттық жүйесіне тіркелді. Қайталама ЖСН берілген 4 баланың мәліметін Әділет департаментіне жою жөнінде мәлімет ұсынды.

Қайтыс болған 5 баланың 2 баланың мәліметі «АХАЖ» АЖ-де тіркелген. Сотқа қайтыс болу туралы шешім шығаруға берілгені 1 бала. Қызылорда қаласына көшіп кеткен 1 адам. 1 баланың кішкентай кезінде ешқандай құжат рәсімдемей асырып алған.

Тұрғылықты мекен жайда тұрмайтын 237 баланың тіркеуден шығарылғаны 53 бала, 62 баланың еш жерде тіркеуде жоқ, 5 баланың ЖСН жойылған, Төретам кенті, Ақай және ІІІ Интернационал ауылында тұрақты тіркеуде тұрғанымен олар Байқоңыр қаласында мекен жайында тіркелген 117 бала. 
Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясының мектептерінде оқып жатқан  балалар саны 690 баланы құрап отыр. Атап айтсақ №10 мектепте 95 бала, международный космеческий школа 77 бала, №4 мектепте 154 бала, №7 мектепте 161 бала, №1 мектепте 51 бала, №3 мектепте 122 бала.
NEET жастары бойынша 930 адам анықталып, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінен толығымен қамтылған. Мемлекеттік мекеменің ақпараттық жүйесінен 526 бала өзектендіріліп, 404 адам өзектендірілмеген. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмаған адамдар бағытында 7643 адам анықталып, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінен толығымен өзектендірілді.

Мемлекеттік мекеменің ақпараттық жүйесінен 3429 адам қамтылып, 4214 адам қамтылмаған.  Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар қорларға әлеуметтік аударымдары жоқ 1356 адам анықталды. Олардың барлығы «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінен толығымен өзектендірілді. Мемлекеттік мекеменің ақпараттық жүйесінен 880 адам өзектендіріліп 476 адам өзектендірілмеген.

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша бөлім арқылы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін 3319-дан астам мүгедек арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, және арнайы қызметтер бойынша қызметтер көрсетіліп отыр. Сонымен қатар 2023 жылға міндетті гигиеналық құралдарға республикалық және жергілікті бюджеттен 90783,0 мың теңге қаралып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үздіксіз жүргізіліп келеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне Қармақшы ауданы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына 699 өтінім 40 адамға қызмет көрсетілді. Ал Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылы бойынша 2156 өтінім 310 адамға қызмет көрсетілді.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлімдегі үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс атқаруда. Ауданда 2024 жылдың 1 қаңтарына28 күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің қарамағында 143 үйде әлеуметтік қызметке мұқтаж қызмет алушылар қамтылып, қызмет алушы балаларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер тарапынан  сауықтыру жаттығулар мен өзін өзі камтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастырып өткізу, консультативтік, медициналық, және құқықтық көмек беру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

2022 жылдың қараша айының 15 жұлдызында аудан әкімдігінің №149 «2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» қаулысымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға 1 квота және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға 7 жұмыс орынына жұмысқа орналастыру үшін квоталар бекітілді. 

Жоғарыда көрсетілген квотаның қосымшасына өзгерістер енгізу мақсатында, ағымдағы жылдың 3 мамырында «2023 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ауданы әкімдігінің №78 қаулысы бекітілді. Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға белгіленген квоталар бойынша 7 квота  толығымен орындалды. Атап айтқанда: жеке кәсіпкер «Шымбергенов Дәуіржан» Нұрсұлтан Бұйрабаев жұмысшы, «Болашақ» шаруа қожалығына Бекболат Тілеуов жұмысшы, жеке кәсіпкер «Даңлыбаев Дастан» Мирамбек Туманов жұмысшы, жеке кәсіпкер «Базарбаев» Берік Ембергенов аула сыпырушы, «Даулет» ЖШС-не Нұрбек Асқаров жұмысшы, «Мир-2001» ЖШС-не Ренат Ермаганбетов жұмысшы және Төретам кенті әкімінің аппаратына Бердибек Калиев қарауыл ретінде жұмысқа қабылданды. 

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған квота бойынша «АНК-Даулет» ЖШС-не Баимбетов Саулебек жұмысшы болып орналасты. 2023 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар Қармақшы ауданының Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде 26 адам (3 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған) тіркеуге алынды (2 азамат 2022 жылы тіркелген). Оның ішінде 18 адам тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 5-уі квота бойынша), 1 азамат жастар практикасымен жұмыс жасауда. 7 азамат есептен шығарылған (2 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған). 

Сонымен қатар, 2023 жылдың 18 наурызында «Наурыз мерекесіне» орай пробация есебіндегі 2 азаматқа (Нұрсұлтан Бұйрабаев, Самғат Сейтекенов) азық-түліктей қайырымдылық көмек берілді. Бұған қоса, «Алтын күз – 2023» сабантойынан 3 азаматқа (Мирамбек Туманов, Жасұлан Ибраймов, Қылышбек Қарымсақов) азық-түлік себеттері табысталды.

Байқоңыр қаласының Мансап орталығына жұмыс іздеуші ретінде 16 адам (2 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған) тіркеуге алынды (1 азамат 2022 жылы тіркелген). Оның ішінде 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 3-уі квота бойынша), 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды және 6 азамат жұмыссыздардың есебінен шығарылды (2 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған). 
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілген қызметтері жайына тоқталсақ.

– 2024 жылдың 1 қаңтарына Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар тіркеу бөліміне барлығы 97 азаматтың құжаттары түс11ті. Атап айтқанда, еңбекші көшіп келуші 48 азаматқа рұқсаттар берілді, еңбекші көшіп келуші 45 азаматтың мерзімдері ұзартылды және 4 азаматтың құжаттары Ішкі істер министрі тарапынан мерзімі бұзылғандықтан орындаусыз кері қайтарылды. Еңбекші көшіп келуші 93 азамат тарапынан Мемлекеттік кірістер басқармасына 1654,5 мың теңге жеке табыс салығы төленді. Сонымен қатар, барлығы 25 жұмыс беруші арқылы жұмыстар ұсынылып, жұмысқа қабылданды, – деді Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мерзімі бұзылған қызметтер орын алмаған.
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 09 маусымдағы № 95 қаулысына сәйкес «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 3 шілдесінде Қармақшы аудандық Әділет басқармасына 9 – штаттық бірлікпен тіркелді. 2023 жылы барлығы 30 902,6 теңге ақша қаражаты қаралып, жыл соңында толықтай игерілді. Мекеме жарғысына сәйкес 11 – қызмет түрі бойынша 195 адамға қызмет көрсетілді. Барлығы 13 - мерекелік және өзге де іс – шаралар өткізілді.

2024 жылға барлығы – 38 089, 0 теңге ақша қаражаты қаралып, штаттық бірлігі – 7 қызметкер болып өзгеріс енгізілсе, Қармақшы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №134 қаулысына сәйкес «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Байқоңыр қалалық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 9 қаңтарда Қармақшы аудандық Әділет басқармасына 6 – штаттық бірлікпен тіркелді.

Тағы да оқыңыз: