Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы Қармақшы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысы мен жай-күйімен таныстырып өтті.
Алдымен Қызылтам стансасында болған облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы елді мекен кіре-берісіндегі аудандық маңызы бар автомобиль жолының жағдайымен танысты.
Сондай-ақ, Жосалы-Жалағаш автомобиль жолы бойындағы су деңгейінің күрт көтерілу әсерінен су шайып кеткен учаскесінің жай-күйін көрді. Одан соң, Жосалы кентіндегі Темір жол көпірін салу мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылап, №284 мектеп-лицей интернатына кіре-беріс автомобиль жолын салу мәселесін пысықтады. Ауданға жасаған сапарын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Алдағы уақытта қордаланған мәселелердің түйіні тарқайтын күн алыс емес.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында елді мекен тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек және аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті сала басшыларымен бірге ауданға қарасты елдімекендерді аралап, тұрғындарға “Ауыл аманаты” жобасы бойынша арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірмелік жұмыстар барысында халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген шағын несиені алу тетіктері айтылып, жеңілдетілген шағын несиені алу тетіктері түсіндірілді. Сондай-ақ, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауаптары берілді.
Қармақшы ауданының әкімі Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Кездесу барысында аудан басшысы халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5 процент қана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Жоба аясында 2023 жылға Қызылорда облысына 3,0 миллиард теңге қаржы бөлінген.
Осыған орай, аудан әкімі ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан жасалған қолдауды барынша пайдаланып, табысын еселеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына жеңілдетілген шағын несиені алу тетіктері бойынша кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жиын соңында жоба жайында толық мәлімет алған ауыл азаматтары бірауыздан оң пікірлерін білдіріп, басталғалы тұрған істің берекелі болуына сәттілік тіледі. Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және тиісті сала басшылары ауданға қарасты елдімекен тұрғындарымен кездесіп, жоба бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Қуаңдария ауылының тұрғындарымен кездесті
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев Қуаңдария ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5 процент қана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Жоба аясында 2023 жылға Қызылорда облысына 3,0 миллиард теңге қаржы бөлінген. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан жасалған қолдауды барынша пайдаланып, табысын еселеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Жиналысқа ауыл тұрғындары, шаруа қожалық басшылары және аудандық мәслихат депутаты Болат Бөгетов қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Дауылкөлде болды
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев Дауылкөл ауылдық округінің халқымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан жасалған қолдауды барынша пайдаланып, табысын еселеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Жиналысқа ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер және аудандық мәслихат депутаты Болат Бөгетов қатысты.
ІІІ Интернационалда да бұл мәселе талқыланды
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлының тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы жиын өтті.
Жиында ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Сайымов, Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Бостан Құндақбаев аталған жоба бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Айта кеткен жөн болар, «Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5 процентті құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша (өңдеу саласына қатысты жобаларды қаржыландыру, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығын дамыту және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыру) шағын несие беруді көздейді. Жоба аясында ІІІ Интернационал Ауылына 150 миллион теңге қаржы бөлу жоспарлануда.