Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында кәсіпкерлік саласы мемлекеттің қолдаудың арқасында қарқынды дамып, өз ісіммен айналысамын деген азаматтар қатары күннен күнге артуда. Осы орайда, бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кентінде «Ғибрат ас үйі» мейрамханасы ашылды.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысып, қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келетіндігін және облыс көлемінде жарияланған жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 3 жылдығы аясында аудан орталығымен қатар кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандары көбеюуде. Сондай-ақ бүгінгі ашылып отырған жаңа мейрамхананыңда тұрғындарға сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуіне тілектес екендігін жеткізді.

Аудан орталығынан ашылған «Ғибрат ас үйі»мейрамханасының сыйымдылығы 200 орын. Жергілікті халыққа ас беру және басқа да салт-дәстүрлер шеңберінде шаралар (халал) өткізу үшін қызмет көрсететуге арналған.

Жоба бастамашысы «Әмбебап» ЖШС-нің басшысы Ү.Бекмұрзаева. 
Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған жаңа нысанда бүгінгі күнде 8 жұмыс орындары ашылып, халыққа қызмет көрсететін болады.
 

316129195_2226309947539899_4187580897578314756_n.jpg

Тағы да оқыңыз: