Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық полиция департаментінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының бірлескен бұйрығына сәйкес, киіктерге қатысты браконьерлік фактілерін анықтауға және ашуға, олардың мүйіздерін заңсыз дайындаумен және елімізден тыс жерге контрабандалық шығарумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында Қармақшы ауданы көлемінде биылғы жылдың 1-31 желтоқсан аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады. «Киік» жедел профилактикалық іс-шарада оған жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік, криминалдық полиция, тергеу және анықтау бөліністерінің күштері мен құралдарының қажетті саны жұмылдырып, құқық бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту көзделген.

Алдағы уақытта тәртіп сақшылары аудан көлемінде киік жануарын аулаған тұлғаларға қарсы жүйелі жұмыстар жүргізеді. 
 

52581.jpg

Тағы да оқыңыз: