Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов және тиісті бөлім, мекеме басшылары ауданға қарасты Жосалы кентінде орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. 

Алдымен 2021 жылы «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасымен ашылған «Кілем жуу орталығының» жұмысымен танысты. Бұл бизнес-идея қазіргі таңда минималды күрделі салымды қажет ететін және жоғары сұранысқа ие қызмет түрлерінің бірі. Кәсіп иесі Е.Ақышев «Қызылорда ӨИО арқылы орталықты ашуға 5 млн теңге несие алып, кілемдерді сусабынмен жуу және кондиционерлеу және кілемді арнайы сығу құрылғыларымен қамтамасыз етіп халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Мұнан соң аудан әкімі кент орталығынан салынған жаңа ғимаратты «Ерлан фотосалонына» барды. Отбасылық кәсіп иелері биылғы жылы «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Фотосалонды кеңейту» жобасымен мемлекеттен 9 млн теңге қайтарымды несие алып ескі ғимаратты бұзып, қайтадан заманауи үлгідегі жаңа ғимарат негізінде кәсіптерін қайта жандандырып отырғандығын айтады. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламалар аясындағы ашылған қос нысан «Тренажерлік фитнес зал» және «Компьютерлік ойын клубы» орталықтарында да болып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және спортпен шұғылдану мүмкіндіктеріне жағдай жасау бағытындағы жұмыстармен танысты. 

Сонымен қатар аудан әкімі кент тұрғыны Р.Бұйрабаеваның 2021 жылы басталған балабақшасының құрылыс жұмыстары барысын көрді. Жеке кәсіпкер алдымен өз қаражаты есебінен бастаған. Тек биылғы жылы «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 20 млн теңге несие алып, құрылыс жұмыстарының толыққанды аяқтаған.

Осылайша, аудан әкімі кәсіпкерлермен жүздесуде жаңадан кәсіп орындарын ашу, орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, тұрғындарға қолайлы және жайлы жағдайлар жасау – мемлекеттің басты мақсатының бірі екендігін баса айтып, әлі де болса мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін пайдаланып, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту және оны әртараптандыру бағытында жұмыс жасауға шақырды.
 

315691737_2220302084807352_3102042299201955202_n.jpg

316174441_2220301924807368_2963600784804314788_n.jpg

315910743_2220297568141137_8376436159356757145_n.jpg

314752586_2220302148140679_1175582095153495057_n.jpg

Тағы да оқыңыз: