Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданының әкімі Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ақжар, Ақтөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Президент барлық деңгейдегі әкімдерге жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оларды толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударуды, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдары туралы хабардар етуді және мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімін түсіндіруді тапсырғаны белгілі.

Аудан басшысы кездесуде 2024 жылдың өткен мерзіміндегі жетістіктерді саралап, атқарылатын жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ақжар ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілсе, биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында бір көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауылдың төлқұжатын жаңартуға қаржы қаралып, жаңадан орнатылды.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Ақжар ауылында 36 гектар, Ақтөбе ауылында 20 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 112 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 14 гектар картоп, 7 гектар көкөніс, 35 гектар бақша дақылдары егілді.

Сондай-ақ, күріш алқаптарын азайтып, ауылшаруашылық саласын әртараптандыру және егісге су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында Ақжар ауылдық округінде заманауи технологияларды пайдаланып тамшылатып суару тәсілімен бақша және жаңбырлатып суару тәсілімен жоңышқа дақылдарын өсіру қолға алынды.

Одан бөлек Ақжар ауылында 2062 гектар, Ақтөбе ауылында 2626 жерге күріш дақылы орналастырылды.

Биыл Ақтөбе ауылына 292,7 млн. теңге қаржы бөлініп, ауылдағы ең өзекті мәселелердің бірі электр беру желілері қайта жаңғыртылуда.

 

Тағы да оқыңыз: