Kyzylorda-news.kz.  Өткен аптада Қармақшы аудандық сот кезекті баспасөз конференциясын өткізіп, осы жылдың І тоқсанын қорытындылады. Сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп беріп, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Осы жылдың І тоқсанында 18 адамға қатысты 15 қылмыстық іс түсіп, 16 адамға қатысты 13 қылмыстық іс аяқталып, 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс сәуір айына қалдыққа қалған.

– Өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда биыл қылмыстық істердің түсу көрсеткіші 1 іске көбейіп, адам саны 2-ге азайды. Аяқталған істер саны тең болып, адам саны 2-ге көбейді, – деді сот төрағасы.

Сондай-ақ осы жылдың үш айында азаматтардан барлығы әртүрлі нысандағы 215 арыз, 5 іс түсіп, соның ішінде 143 арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, 15 сот бұйрығы, 62 шешім шығарылып, соттылықпен 8 іс жолданып, 46 іс тоқтатылған. 10 іс қараусыз қалдырылып, есептік кезеңде барлығы 141 іс аяқталып, 40 іс келесі тоқсанға  қалдыққа қалған.
Медиация тәртібімен өткен жылдың үш айында 19 азаматтық іс аяқталса, биыл 1 тоқсанында 44 азаматтық іс аяқталып, салыстырмалы түрде 25 іске көбейген.
Сот өндірісіне осы жылы 159 құқық бұзушыға қатысты 159 әкімшілік құқық бұзушылық іс түсіп, 3 құқық бұзушыға қатысты 3 әкімшілік іс мәні бойынша, 2 құқық бұзушыға қатысты 2 әкімшілік іс  соттылықпен жолданса, 144 құқық бұзушыға қатысты 144  әкімшілік іс аяқталып, 4 іс келесі тоқсанға қалдыққа қалған.

Аяқталған әкімшілік құқық бұзушылық істер ішінде 111 құқық бұзушыға қатысты 111 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жаза қолданса, құқық бұзушыға қатысты 31 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылған. Оның ішінде 25 құқық бұзушыға қатысты 25 әкімшілік іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылған, 2 іс соттылықпен жолданған.
Ағымдағы жылдың 3 айында аяқталған әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша 9 жекеше қаулы қабылданса, өткен жылдың 3 айында барлық аяқталған істердің ішінде 5 жеке қаулы қабылданған. 2024 жылдың 3 айында жеке қаулы шығару көрсеткіші 4-ке көбейген.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот жүйесі төңірегінде туындаған сауалдарға жауап берді.
 

Тағы да оқыңыз: