Kyzylorda-news.kz. 23 маусымда Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VІIІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 4 сессиясы өтіп, оған аудандық мәслихаттың депутаты Еркін Рзалиев төрағалық жасады. Сессия жұмысының күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, депутаттар, кірістер, қазынашылық басқармалары, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессияда негізінен 8 мәселе талқыланды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «Ауданда кіші және орта кәсіпкерліктің жайы және оларды қолдау шаралары туралы» аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев хабарласа, екінші мәселеде аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №263 «2023-2025 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жосалы ауылдық округінің әкімі Әлімбай Білжанов, үшінші мәселе бойынша «Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Біржан Өмірзақов баяндады.
Төртінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы №11 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Ақжігітов, бесінші, алтыншы және жетінші мәселелерде аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №160 «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №161 «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №349 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Талғат Сүлеев хабардар етсе, сегізінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың 2023 жылдың ІІ-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов хабарлады.
Отырысты қаралған қайсыбір мәселе болсын оның аудан экономикасы мен әлеуетінде маңызды зор болғандықтан жан-жақты талқылауға түсті. Халық қалаулылары түрлі ұсыныс-пікірлерін айтып, сын-ескертпелер де жасалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданса, сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.