Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларға арналған мәжіліс өтті.
Жолдауда еліміздің алдағы даму кезеңіндегі басым бағыттар айқындалып, экономика мен бюджеттік жоспарлау, инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту, салық саясатын жетілдіру, энергетикалық тапшылықты жою және цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған міндеттер халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, логистиканы және жаңа энергия көздерін дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ барлық салаға цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.
Мәжіліс барысында Жолдауда белгіленген басымдықтарды аудан көлемінде жүзеге асыру, экономикалық өсімге серпін беретін кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы тиісті сала басшыларына Жолдаудан туындайтын міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындауды, белгіленген басым бағыттар бойынша нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Басты мақсат – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүйелі жүзеге асырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.
