Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға ауданның еңбек ардагерлері, қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар мен тұрғындар қатысты.
Аудан басшысы қарияларды мерекемен құттықтап, аға буын өкілдерінің ел дамуы жолындағы қажырлы еңбегі үлгі екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыз үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы қарияларымыз ұлт ретінде сақталуымыз үшін барын салған» деп қазыналы қарттарымыздың қоғамдағы рөлін айқындап берді. Бүгінде қарттарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аймағымызда елімізге, өңірімізге танымал меценат, жанашыр азаматтардың демеушілігімен қарияларымыз шипажайларда кешенді сауықтыру қызметтерін алуда. Ауданымызда қарттарға құрмет көрсетудің өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Сырдариялық еңбек ардагерлері әркез қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып келеді.Бүгінде облысымызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, 104 жастағы батагөй ақсақал Яхия Тасыров атамыз арамызда жүр. Бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангерге әрқашан құрмет көрсетіле береді. Ауданда 72 тыл ардагері және 4582 зейнет жасындағы қария кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуде.еліміздегі шипажайларға барып, сауықтыру шараларын қабылдағанын атап өткеніміз жөн. Биыл 30 ардагеріміз Түркістан қаласына саяхаттап барып, шаһардың көрікті жерлерін тамашалады. Өнерлі ардагерлеріміз Орал қаласына гострольдік сапармен барып, Жайық халқына Сыр елінің өнерін танытты. Қарияларымыз «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық, облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысып, өнегелі әулет ретінде үлгі болуда. Қарияларымызға үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Сондай, ақ ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген бірқатар еңбек ардагерлері мен қазыналы қарияларға аудан әкімінің "Алғыс хаттары" табысталды.
Мерекелік іс-шарада аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнан соң қазыналы қариялар мерекелік дастарханда бас қосып, сый-құрметке бөленді.
