Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов ауыл тұрғындарының жағдайын білу мақсатында Қарғалы елді мекеніне барып, тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде ауылға аяқ су тарту үшін жүргізіліп жатқан канал қазу, бетондау жұмыстарының және жаңа ауыз су мұнарасының салу жұмыстарының барысы баяндалды.
Сондай-ақ, аудан әкімі өткен кездесулерде көтерілген елді мекеннің аудан орталығынын шеткері болуы себепті көмір тасымалының қымбатқа түсуі мәселесіне қатысты жұмыстар жасылынғандығын айтты. Ендігі кезекте, қазір қоймада тұрған "Шұбаркөл" маркалы көмірді тегін жеткізіп берген сәтте тұрғындардың сатып алуын ұйымдастыру мәселесі өзекті болып отыр. Яғни, 80 тонна шамасында жеткізілетін қатты отынды ауыл тұрғындары ұйымдасып сатып алуы қажет.
Кездесу соңында аудан әкімі ауылда салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысып, жұмыстың сапалы, әрі уақытылы бітуі маңызды екендігіне тоқталды.
